Қаз 11, 2023 16:18 Asia/Almaty
  • Газада шәһид болғандар саны 950 адамға жетті

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін (11 қазан, сәрсенбі) сионистік режимнің Газа секторына басталғаннан шабуылдардың бесінші күні палестиналық шәһидтер санының 950-ге жеткенін хабарлады.  Осы есеп бойынша сионистік режимнің Газа  секторындағы жойқын шабуылдарынан зардап шеккендердің саны бес мыңнан астам адамға жетті.

 

Газа секторына жасаған кезекті шабуылдарымен израильдік қырғи ұшақтар 13 мыңнан астам тұрғын үй мен 10 медициналық орталықты қиратты, сондай-ақ осы шабуылдар кезінде 48 мектеп зардап шекті. Басқа жақтан сионистік ақпарат көздері де "әл-Ақса дауылы" операциясында қаза тапқандар санының 1200-ге артқанын және осы операцияда 2400 сионистің жараланғанын және "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері із-түзсіз жоғалғандар санына тағы 200 адамның қосылғанын хабарлады.

 

Тегтер