Қаз 21, 2023 21:34 Asia/Almaty
  •  Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмектің алғашқы  легі 20 жүк көлігі Мысыр арқылы Рафах өткеліне кірді

Палестиналық жүк көліктері Газа секторына гуманитарлық көмек жүктерін тасымалдау үшін Рафах өткеліне кірді.

 

Бұл гуманитарлық көмекке медициналық құрал-жабдықтар мен аз мөлшердегі азық-түлік кіреді. Әзірге сионистер бұл көмектердің Газа секторына кіруіне рұқсат бермеді.

Газа секторы қазір жанар-жағармай, медициналық құрал-жабдықтар, азық-түлік пен ауыз су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Газадағы үкіметтік ақпарат кеңсесі Газаға алғашқы көмектін шектеулі екенін және бұл аймақтағы апатты жағдайды өзгертпейтінін хабарлады. Құқық қорғау ұйымдары мен Газа билігі Рафах өткелінің толық ашылуын және барлық қажетті заттардың кіруін талап етті.

Құқық қорғау ұйымдары мен Газа билігі Рафах өткелінің толық ашылуын және барлық қажетті заттардың кіруін талап етті. Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы да бүгін Рафах өткелі арқылы Газаға кіретін көмектің гуманитарлық қажеттіліктер теңізіндегі тамшы екенін жариялады.

 

Тегтер