Қар 07, 2023 22:09 Asia/Almaty
  • UNRWA:  Газада әр 10 минут сайын бір бала шәһид болып жатыр

Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыспен қамту халықаралық агенттігі (UNRWA) Газада әр 10 минут сайын бір баланың шәһид болғанын хабарлады.


Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестиналық босқындарға көмек және жұмыспен қамту агенттігі (UNRWA) өз есебінде сионистік режимнің 7 қазанда басталып, осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан Газа секторын бұрын-соңды болмаған және үздіксіз бомбалауына байланысты орташа есеппен он минут сайын бір палестиналық бала шәһид болып, тағы екі бала жараланды. Бұл есебінде UNRWA бейбіт тұрғындарды қай жерде болса да қорғау қажеттілігіне баса назар аударып, осы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау тілек емес, жалпы адамзат алдындағы міндет екеніне назар аударды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемелеріне қарағанда Газадағы соғыс басталған 7 қазаннан бері 10022 палестиналық шәһид болды, оның 4104-і балалар. Сондай-ақ сионистік режимнің үздіксіз шабуылдары кезінде 25 мың адам зардап шекті, олардың көбі балалар. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі де хабарсыз кеткен 2350 адамды тіркеді, оның 1300-ге жуығы балалар.

 

Тегтер