Жел 02, 2023 20:19 Asia/Almaty

Басқыншы режим күштері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистің шығыс аудандарын қарқынды және кезекті әуе шабуылдарымен нысанаға алды.

 

«Әл-Алам» телеарнасы палестиналық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сионистік басқыншы күштердің Наблустағы Балата және Асқар әл-Жадид лагерлеріне кірген кезде қарқынды қақтығыстар болғанын хабарлап, басқыншылардың осы лагерьлердегі азаматтардың үйлеріне шабуыл жасап, ондағы көшелерді қиратқанын мәлімдеді.

Палестина көздері де Газа секторының солтүстігіндегі Джабали лагеріндегі Фаллужа төңірегінде өрт шыққанын хабарлады. Бұл өрт осы аумақта үздіксіз атқылау нәтижесінде орын алған.

«Әл-Маядин» телеарнасының хабарлауынша, Газадағы арна тілшісі басқыншы режимнің соғыс қайықтарының Газа секторының оңтүстігі мен орталығындағы Хан Юнис жағажайы мен Дейр әл-Балахқа шабуылдарын күшейткенін хабарлады.

 

Тегтер