Қаң 09, 2024 00:01 Asia/Almaty
  • Израиль армиясы Хизбулланың Мерон әуе базасын атқылағанын мойындады

Израиль армиясының баспасөз өкілі Даниэль Хагари жексенбі күні кешке Хизбулланың Мерон әуе базасын атқылағанын мойындады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Даниэль Хагари: "Израиль армиясы осы оқиғаны тексеріп жатыр",-деді.

Ливан Хизбулласы сенбі күні ХАМАС саяси кеңсесі басшысының орынбасары Салех әл-Аруридың өліміне алғашқы жауап ретінде Мерон әуе базасына 62 зымыран атты. "Ливанмен толық қанды соғыстан" қорқыныш израильдік ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып, барлық сараптамалар "Тель-Авивтің тежегіш қуатының жойылғанын" айтумен аяқталды.

Тель-Авивтің саяси-әскери қайраткерлері Мерон әуе базасына шабуыл жасалғанына үнсіз қалғанда "Едиот Ахронот" газеті өз мақаласын былай бастады: "Хизбулла жариялаған видеода көрсетілгендей, базаның 2 бөлігіне зымырандар түсіп, ауыр зиян келтірілді".  

Тегтер