Қаң 15, 2024 19:21 Asia/Almaty
  • Насролла: Соғысқа дайынбыз, ештеңеден қорықпаймыз

Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы партияның бұрынғы қолбасшысы шәһид Весам Хасан Тавилді еске алу рәсімінде: "Газа халқының сионистік режимнің басқыншылықтарына жүз күн төтеп беруі – аңызға тең оқиға. Газа халқы жеңілмейді, тізе бүкпейді",-деді.

Насролла: "Палестинаның қарсыласу күштері өзінің барлық топтарын қосып, батыл да жаңашыл күрес жүргізіп жатыр",-деді.  

Әскери сарапшылардың пікірінше, Израиль осы соғыста бір терең шұңқырға түсіп кетті. Енді одан қалай шығарын білмейді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Дұшпан осы жүз күнде әйелдер мен балаларды өлтіргеннен басқа ешқандай жетістікке жетпеді",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ливан, Сирия мен Йемен қарулы күштерінің басып алынған Палестинаға шабуылдарына тоқталып: "Бұл соғыста Израильдің адам шығыны көп болды. Бірақ ол өз шығынын мойындамай отыр. Нақты статистиканы қатты цензуралайды",-деді.

Насролла: "Израиль экономикасына да көп зиян келді. Қызыл теңізде орын алған оқиға дұшпанның экономикасына ауыр соққы болды",-деді.   

Тегтер