Ақп 14, 2024 20:02 Asia/Almaty
  • Ливан Хизбулласының бас хатшысы: Сионистік дұшпан бейбіт әрі бейкүнә адамдардан кек алудан басқа ештеңе істеген жоқ

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Сионистік дұшпан бейбіт әрі бейкүнә адамдардан кек алудан басқа ештеңе істеген жоқ. Газа тұрғындарының жағдайы адамзаттың ұжданына қозғау салуы тиіс",-деді.

Сейіт Хасан Насролла Ардагерлер күніне орай сөйлеген сөзінде: "Газаны қоршауға алған соң тұрғындардың ауыр жағдайда қалғаны адам баласының ұжданына қозғау салуы тиіс",-деді.

Сейіт Хасан Насролла: "Ливан майданында атқарып жатқан істеріміз – ұлттық жауапкершілігіміз. Бірінші кезекте біздің діни-ақлақтық және имани жауапкершілігімізге шынайы жауап болмақ. Газадағы оқиғалар әлем халықтарының ұжданын оятуы тиіс. Олар сионистердің шабуылдары мен адами апатқа қатысты жауапкершілік сезінуі керек",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Басқыншы Израиль режимінің қалыптасуы – аймақтағы барлық дағдарыстардың себебі. Ливанның тарихы – осы сөзге дәлел. Мықты Израиль – аймақ үшін қатер. Тежегіш күшпен бетпе-бет келген қорқақ Израильдің аймаққа қаупі аздау болады",-деді.

 

Тегтер