Нау 31, 2024 19:45 Asia/Almaty
  • Газа соғысының 175 күніне қатысты статистика

Палестина үкіметінің Газа секторындағы ақпарат тарату орталының хабарлауынша, Газа соғысының 175 күніне қатысты адам және материалдық шығынның статистикасы төмендегідей болды:

Сионистік режим армиясы Газа секторында 2888 қылмыс жасады.

39623 адам шәһид болды. Мұның ішінде із-түссіз жоғалғандар да бар.

32623 шәһид ауруханаларға жеткізілді.

7000-нан аса адам әлі үйінді астында жатыр. Сондықтан із-түссіз жоғалған болып саналады.

14350 бала шәһид болды.

28 бала аштан өлді.

9460 әйел шәһид болды.

364 медициналық қызметкер қаза тапты.  

48 жедел жәрдем және құтқару қызметкері қаза тапты.

136 тілші қаза тапты.

75092 адам жараланды.

Осы соғыс құрбандарының 73 пайызы – әйелдер мен балалар.  

17000 бала ата-анасының біреуінен немесе екеуінен де айырылған.

11000 жаралы адам ем-домды жалғастырып, жанын аман сақтап қалу үшін сектордан шығарылуы керек.

Обыр ауруына шалдыққан 10000 адам өліммен арпалысып жатыр. Оларды шұғыл түрде емдеу керек.

700000 адам босқындық салдарынан жұқпалы ауруларға шалдыққан.

8000 адам босқындық салдарынан вирустық гепатитке шалдыққан.

60000 аяғы ауыр әйел тиісті медициналық күтімнің болмауы салдарынан қатерге ұшырап отыр.

350000 адам дәрі-дәрмек тапшылығы салдарынан созылмалы ауруларға шалдықты.

274 медициналық қызметкер қамауға алынды.

Аты-жөні белгілі 12 тілші қамауға алынды.

Газа секторында тұратын 2 млн адам босқынға айналды.  

168 мемлекеттік мекеме қиратылды.

100 мектеп пен университет толық қиратылды.

305 мектеп пен университетке зиян тигізілді.

227 мешіт толық қиратылды.

294 мешітке ішінара зиян тигізілді.

3 шіркеу бомбаланып, қиратылды.

70000 тұрғын үй толық жойылды.

290000 тұрғын үй бомбаланып, тұруға жарамсыз болып қалды.

70000 тонна жарылғыш зат Газа халқының үстіне тасталды.

32 аурухана толығымен істен шықты.

53 емхана қызмет көрсетуге жарамсыз болып қалды.  

159 медициналық орталық нысанаға алынды.

12 жедел жәрдем көлігі бомбаланып, жойылды.

200 тарихи орын бомбаланып, қиратылды.

Тегтер