Маусым 02, 2024 18:14 Asia/Almaty
  • Ислам пайғамбарының мұрагері Имам Әли (ғ.с.) туралы парсы тілді ақын және данышпан Моулавидің әдемі суреттемелері

Моулавидің «Диуан-Шәмс» кітабында Ислам пайғамбарының мұрагері Имам Әлиге (ғ.с.) сілтеме жасауы көбінесе оның илаһи құдіреті мен қуатына және Ардақты Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге жасаған жанкештілігіне негізделген.

 

Иранның мәдени шеңберінен тыс Руми немесе Моулави деген атпен белгілі парсының ұлы ақыны әрі данышпаны Джалаледдин Мұхаммад Балхи хижраның 604 жылы ескі Иран территориясының шығысындағы Балх қаласында дүниеге келген. Оның еңбектерінде, әсіресе «Мәснауиде» Құран аяттарына, Пайғамбар (с.ғ.с.), Амир әл-Мүмининнің (ғ.с.) хадистеріне, пайғамбарлардың қиссаларына   сілтемелер көптігі сонша, бұл салада оған ешкім жете алмайды.

Шамс Табризимен кездесу

Моулави өміріндегі ең маңызды оқиға – оның 642 жылы 40 жылы   қарсаңында тағы бір ұлы ирандық данышпан Шамс Табризимен кездесуі. Шамстың Джалаледдинді қызықтырғаны сонша, ол ұстаздық пен уағыз айтуды қойып, қызу мистикалық өлеңдерді тыңдап, жаза бастады. Шамс Табризидің Румиге не айтқанын және оны осылай өзгеретіндей нені үйреткенін ешкім білмейді. Шәмс Табризидің дүниені көргені, жазғандары көрсеткендей, Құран мен мистиканы түсіндіруде шебер болғаны анық.

Моулавидің ықпалы Иранның шекарасынан тыс жерде. Ирандықтар, ауғандар, тәжіктер, түріктер, гректер, басқа да Орталық Азия мұсылмандары және Оңтүстік-Шығыс Азия мұсылмандары, әсіресе Индонезия мен Малайзияда өткен жеті ғасырда Румидің рухани мұрасынан қатты әсер алды. Батыста Руми атымен танымал Моулави өлеңдерінің аудармасы Америка Құрама Штаттарында «ең танымал» және «ең көп сатылатын» ақын ретінде белгілі.Оның шығармалары бүкіл Иранда кеңінен оқылады.

Амир әл-Мүминин (ғ.с.) «Диуан-Шәмста»

Моулавидің «Диуан-Шәмс» кітабында Ислам пайғамбарының мұрагері Имам Әлиге (ғ.с.) сілтеме жасауы көбінесе оның илаһи құдіреті мен қуатына және Ардақты Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге жасаған жанкештілігіне негізделген. Сондай-ақ, Моулави Имам Әлидің (ғ.с.) білімін, даналығын және кемел адам болуын сипаттайды.

«Диуан-Шәмстың» ғазалдарынан алынған өлең жолдары: 

زین همرهان سست عناصر دلم گرفت

شیر خدا و رستم دستانم آرزوست

Алланың арыстаны – Амир әл-Мүминин, имам Әлидің (ғ.с.) сипаттарының бірі. 

گرچه نی را تهی کنند نگذارند بی‌نوا

رو پی شیر و شیر گیر، که علیّی و مرتضی

Мағынасы: Арыстандай имам Әлиге (ғ.с.) еріңіз.

گر عصا را تو بدزدی از کف موسی چه سود؟

بازوی حیدر بباید تا برانَد ذوالفقار

Адамдарға жол көрсету үшін сыртқы көрініс жеткіліксіз және сіз Әли (ғ.с.) сияқты кемел адам болуыңыз керек.

جمله عشق و جمله لطف و جمله قدرت، جمله دید

گشته در هستی شهید و در عَدَم او مرتضی

Имам Әли (ғ.с.) немесе Мұртаза Әли (ғ.с.) – махаббатта, мейірімділікте және құдіретте кемел адам

Амир әл-Мүминин «Мәснәуи  мәнәуиде»

«Мәснәуи» кітабында Моулави – ұлы қиссашы. Бір қиссадағы оқиғаның ортасында имам Әлидің залымдардың жауынгерімен болған шайқасын еске түсіргенде, бұл оқиға ұмытылып, Әлидің (ғ.с.) сипаттарымен сиқырланғандай ол сондай жалынды өлеңдер айтады.

از علی آموز اخلاص عمل

شیرِ حق را دان منزّه از دغل

Имам Әлиге (ғ.с.) зұлымдық пен күпірлік әскерінің жауынгерін соғыс даласында жою мүмкіндік туған кезде, жау жауынгері имам Әлиге (ғ.с.) түкіреді, сол кезде хазірет Әли (ғ.с.) қылышын түсіреді. Хазірет бұл әрекетке ашуын басу үшін, өзін қорлағаны үшін кек алу үшін емес, Алла үшін және ақиқат жолында шын жүректен күресу үшін төбелес ортасында үзіліс жасайды.

 او خدو انداخت در روی علی

افتخار هر نبی و هر ولی

آن خدو زد بر رخی که روی ماه

سجده آرد پیش او در سجده‌گاه

Моулави бұдан кейін имам Әлиді (ғ.с.) адамның тілінен және шын мәнінде жанының тереңінен ұзақ және қайталанбас теңеу мен метафоралармен сипаттайды. 

در شجاعت شیر رَبّانیستی

در مروّت خود که داند کیستی؟

...

در مروّت ابر موسایی به تیه

...

ای علی که جمله عقل و دیده‌ای!

شمّه‌ای واگو از آنچ دیده‌ای!

تیغ حِلمت، جان ما را چاک کرد

آب علمت خاک ما را پاک کرد

بازگو، دانم که این اسرار هُوست

زانک بی شمشیر کشتن کار اوست

...

چشم تو ادراکِ غیب آموخته

....

راز بگشا ای علی مرتضی!

...

می‌فشانی نور چون مه بی زبان

....

چون تو بابی آن مدینه علم را (مدینه علم: اشاره به پیامبر اسلام)

چون شعاعی آفتاب حلم را

...

باز باش ای بابِ رحمت تا ابد

Көптеген теңеулерден кейін Молави оқиғаға қайта оралады және бұл жолы Әмір әл-Мүмининнің мінезін өз сөзімен сипаттап, сол күрескер үшін бұл үзілістің себебін түсіндіреді:

گفت من تیغ از پی حق می‌زنم!

بنده‌ی حقّم نه مأمور تنم!

شیر حقّم، نیستم شیر هوا

فعل من بر دین من باشد گوا

...

غیر حق را من عدم انگاشتم

...

من چو تیغم پُر گهرهای وصال

زنده گردانم، نه کُشته در قِتال

 

Тегтер