Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (2)
(last modified Mon, 08 Jul 2024 15:22:00 GMT )
Шіл 08, 2024 21:22 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің сөзі, имам  Хұсейннің ерлігі (2)

Мұхаммад Ханафияның имам Хұсейнмен (ғ.с.) сөйлесуі және имамның (ғ.с.) оған айтқан сөздерінің бір бөлігіне тоқталамыз.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі

Имамның (ғ.с.) ант беру мәселесіне қарсылығы және хазіреттің соғысу және Мәдинадан көшу туралы шешімі атақты адамдар арасында, әсіресе ардақты Пайғамбардың әулеті мен қауымы арасында белгілі болғаннан кейін, имамдық және имамдық лауазымның міндеттерінен хабарсыз кейбір адамдар имам Хұсейннің (ғ.с.)  болуын сақтап қалғылары нәтижесінде имамның (ғ.с.) алдына келіп, шешімін өзгертуге тырысты. Осы адамдардың ішінде хазірет Әлидің (ғ.с.) балаларының бірі Мұхаммад Ханафия болды. Ол былай деді: «Бауырым! Сіз ең сүйікті және ең қымбат адамдардансыз. Мен сізге жақсы деп ойлайтын нәрселерді айтуға міндеттімін.  Әзірше белгілі бір қалада қалып, Язидтен алыс жерде болыңыз, өйткені кейбір қалаларға кірген кезде адамдар арасында келіспеушілік туындауы мүмкін. Бір топ сені қолдайды, екінші топ саған қарсы шығып, адам өлтіруге, қантөгіске апарады. Осы арада осы ұлттың игі жақсыларының қаны төгіліп, отбасың қорланып, өзің    нысанаға алыңасың».

Имам Хұсейн (ғ.с.) Мұхаммад Ханафияға былай деп жауап берді: «Бауырым! Язидке ант беруден бас тарту үшін бір қаладан екінші қалаға көшуді ұсынатындар, біліңдер, егер бүкіл әлемде баспана болмаса да, мен Язид бен Муавияға ешқашан ант бермеймін».

Хұсейннің (ғ.с.) ерлігі 

Осы кезде Мұхаммад Ханафияның көзінен жас ағып, имам (ғ.с.) сөзін осылай жалғастырды: "Бауырым! Қайырымдылық пен парасаттылық парызыңызды орындағаныңыз үшін Алла сауаптан жазсын. Бірақ мен! Мен өз міндетімді сізден жақсы білемін және шешімімді қабылдадым».

Бұл сөзінде имам Хұсейн (ғ.с.) өзінің шешімін жариялады: "Егер бүкіл жер бетінде оған пана табылмаса да, ол Язидке ант бермейді және кез келген қауіп-қатерге қарсы өз мақсатына жету жолында табандылық танытады".

Қорлық бізден алыс