Тәкаппар адамдардың тамыры Ібілістің тәкаппарлығында жатыр; Тәкәппарлық пен харам жасау  – Ислам пайғамбарының немересі Имам Хұсейнді (ғ.с.) өлтірушілердің ерекшеліктері  
(last modified 2024-07-12T15:28:10+00:00 )
Шіл 12, 2024 21:28 Asia/Almaty
  • Тәкаппар адамдардың тамыры Ібілістің тәкаппарлығында жатыр; Тәкәппарлық пен харам жасау  – Ислам пайғамбарының немересі Имам Хұсейнді (ғ.с.) өлтірушілердің ерекшеліктері  

Ансариан қыңырлық пен тәкәппарлықтың тамыры адамның дүниеқоңыздығынан болатынын және мұның дүниеге деген шектен тыс сүйіспеншіліктің нәтижесі екенін айтып, былай дейді: "Тәкаппар адамдардың тамыры шайтанның тәкаппарлығынан болады".

Діни оқу орыны ұстазы Хұсейн Ансариан  "Хедаят" діни ортада сөз сөйледі. Pars Today агенттігінің және Mehrnews-тің келтірген мәліметіне сәйкес, ол былай деді: «Пайғамбарлар заманында да, Әһле Бәйт (ғ.с.) заманында да бір топ адамдар сол кезден осы уақытқа дейін тәкаппарлықпен Алланы  шақырмады, Одан тілемеді. Тіпті илаһи пайғамбарлар мен Әһле Бәйт (ғ.с.) мұғжизаларын көргеннен кейін де шектен шыққан тәкаппарлықтан Аллаға бет бұрмады".

Ол былай деп қосты: "Құранда олардың мұғжизаларды келемеждеп, пайғамбарлар мен илаһи әулиелердің сөздерін аңыз деп санайтыны және олардың бұл сөздерінде ақылға қонымды және ғылыми негіз болмағаны айтылған. Олар әрқашан менмендік пен қыңырлықта табанды. Мысалы, Ашура күні хазірет Зейнаб (ғ.с.) имам Хұсейнге (ғ.с.) "өзіңді мына адамдарға таныстыр, мүмкін олар оянып көретін шығар" дегенде, Имам (ғ.с.) былай деді: "Әпке, мен барып өзімді атам, Пайғамбар және анамды айтып таныстырдым, олар бір ғана жауап берді, ол тас жаудырды". Бұл дін маманының айтуынша, бұған қыңырлық пен менмендік себеп.

Қыңырлық пен тәкәппарлықтың түп-тамырында адамның дүниеқоңыздығынан болатынын және мұның дүниеге деген шектен шыққан сүйіспеншілігінің нәтижесі екенін айтқан Ансариан: "Тәкаппар адамдардың тамыры шайтанның тәкаппарлығынан болады. Болмыстың Раббы – барлық кемелдіктердің иесі әрі болмыстың жаратушысы және барлық болмыстың жаратушысы, ал Ібіліс осы істердің барлығынан хабардар және білген, бірақ тәкаппарлық немесе надандықтан Раббының әмірін қабылдамады. Ібіліс  Қияматты да жақсы білетін".

Діни оқу орыны ұстазы дүниедегі тәкаппарлардың Ібіліс мектебінің шәкірттері екеніне тоқталып: «Дүниедегі тәкаппарлардың жазасы шайтанның жазасы сияқты болады. Алла Тағала олардың барлығын Ібіліспен бірге тозаққа апарып, тозақты олармен толтырады. Пайғамбардың Әһли Бәйті мен имам Хұсейнді (ғ.с.) жоқтаушылары Ібіліс мазхабының шәкірті емес екеніне қуансын. Бұл мазхабтың шәкірті болғандар хазірет пен Әһле Бейттің зұлымдық көргеніне көз жасын төкпей, Алланың оларға белгілеген міндеттерін тастамайды.

Тәкаппарлардың дін мен ақиқаттың дұшпаны екенін айтып: «Олар тәкаппар болуды тоқтатпайды. Қасиетті Құран және Пайғамбардың (с.ғ.с.) Әһле Бәйті – адамның бақытты болуына себеп болатын екі өлшем. Сондықтан адам өмірдің барлық саласында осы екі өлшемнің ережелеріне сәйкес әрекет етуі керек.

Ансариан Құран Кәрімнің «Нахл» сүресінің 97-аятына сілтеме жасап, былай деді: "Бұл аятта ізгі амал ер немесе әйел тарапынан жасалуы айырмашылығы жоқ. Бірақ бұл салих амалдың арасындағы айырмашылық таухидке, пайғамбарлыққа, имаматқа және қайта тірілуге ​​сену болып табылады. Құдай  "менің орным қайғырғандардың жүрегінде" дейді, сондықтан Құдай имам Хұсейнді (ғ.с.) жоқтаушылардың жүрегінде. Таза өмір – иманы мен ізгі амалы бар адамның сыйы".

Бұл діни оқу орыны ұстазы сөзін былай деп жалғастырды: "Халал нан табу Аллаға құлшылықпен қатар айтылады. Құранда аты аталған Ислам пайғамбарының немересі Имам Хусейнмен (ғ.с.) 30 000 адамның соғысуының себебі неде? Олардың имамдарын өлтіруге тыйым салынған (харам) тамақтануы себеп болған. Олардың жүректері ақиқатқа жабылып, Құран, имамат, ақиқат нұры жүректеріне ешбір жолмен кірмеді",- деп айтты.

Ол: «Адамдар ықыласпен ғибадат етуді қаласа, ең алдымен тамағы мен ризығын халал етсін. Харам байлық адамды ғибадат арқылы құтқармайды. Жақсы өмір сүру халал азықпен мүмүкін болады. Шайтан адамдарды үнемі жаман істерге, Аллаға өтірік айтуға шақырады",- деді.

 

 

Тегтер