Неліктен шәһидтерді есте сақтау маңызды?
(last modified Sat, 17 Aug 2024 15:53:15 GMT )
Там 17, 2024 21:53 Asia/Almaty
  • Неліктен шәһидтерді есте сақтау маңызды?

Аятолла Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1396 жылы 9 дейде хазірет Иса Мәсіхтің туған күні қарсаңында шәһид армян Армен Одиссианның жанұясымен кездесті

Шәһид болу Алла жолында және қоғамға көмектесу үшін жан беруді білдіреді. Хадистерде ол ең жоғары жақсылық, ең құрметті өлім ретінде айтылады.

Құран аяттары мен хадистерде шәһид болған адамға тірі қалу, шапағат құқығына ие болу, күнәлардың кешірілуі сияқты әсерлер болатыны айтылады. Иранда шәһидтерге көңіл бөлу Ислам революциясының маңызды саясаттарының бірі болып табылады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы туралы Джафар Әлиан Неджади Иранның "Ватан Емруз" газетіндегі жазбасында: "Шәһидтерді үздіксіз еске алу тіпті қорқынышқа, қайғыға және үмітсіздікке қарсы тактикалық пассивтіліктің пайда болуына жол бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, шәһидтерді еске алу – үстемшілдерге қарсы табандылықты күшейту және ұлттық тәуелсіздікті сақтау деген сөз",-деп жазды.

Имам Хаменеидің Кохгилуйе және Буйерахмад облысы шәһидтер конгресі мүшелерінің басқосуындағы мәлімдемелері Иранның қазіргі саяси және әлеуметтік жағдайын ескере отырып, дұшпанның психологиялық операциялары туралы мағыналы талдау болды.

Үстемшілдікті бұзудың ең оңай және ең арзан әдістерінің бірі қарсы тараптың есептеуіш құрылғысын пассивтендіру деп айтуға болады. Яғни ол өзінің күшін төмендетіп, қарсыласының күшін асыра бағалайды.

Қоғамда эмоционалдық пассивтілік қорқыныш, қайғы және үмітсіздікті бастан кешіргенде пайда болады. Егер осы 3 жағымсыз нәрсе қоғамға қандай да бір жолмен еніп, адамдардың сараптау және көрегендік қасиетін жойса,  нәтижесінде пассивтілік, тәуелділік пен еліктегіштік артып, қарсыласуға ырық төмендейді.  Осы тұрғыдан алғанда, қай қоғамның болмасын тәуелсіздігі көп жағдайда ерлік, шаттық пен үміттің өміршең белгілерінің болуына байланысты. Әр қоғамда батырлардың осындай қызметі бар. Былайша айтқанда, олар оқиғаның ауырлығы мен қарсыластың мықтылығынан қорықпай, жан-тәнімен қарсыласқан жеңімпаздар деуге болады.

Әйтсе де батырлары болғанымен, билеушілердің қорқытқанына көніп, үрейге бой алдырған халықтар бар. Бұл қалай болғаны? Өйткені олардың қаһармандары тарих қойнауында қалды, олар шеттетіліп, мақтан тұтарлық тарихи сабақтастық жасай алмады.

Ал бір елдің халық жадында сақталған батырлары көп болса, сол халық кез келген қорқыныш, үмітсіздік, мұңды жеңіп шығатын ерлік мәдениетіне қол жеткізеді. Бұл батырлар өз ұлтының ұжымдық жадынан өшпейді, тарих қойнауында қалмайды, халықпен бірге өмір сүріп, Алланың уәдесі бойынша келесі батырларды күтеді.

Шәһидтер қорқыныш теңгерімін осылай өзгертіп, дұшпанның «қорқынышқа шақыру» ережесін жоққа шығарады. Өйткені мұндай жерде шәһид болу ерлік мәдениетіне айналған. "Шәһид бола алатын халықта тұтқын болмайтыны анық». Қорқынышқа бой алдырмайды. Жаудың психологиялық операцияларына табанды қарсы тұрады.

Шәһидтерді үздіксіз еске алу тіпті қорқынышқа, қайғыға және үмітсіздікке қарсы тактикалық пассивтіліктің пайда болуына жол бермейді. Осы тұрғыдан алғанда шәһидтерді еске алу үстемшілдерге қарсы табандылықты күшейту және ұлттық тәуелсіздікті үздіксіз сақтау деген сөз.