Құран залымдармен қарым-қатынас жасау, жәбірленгендерге қолдау көрсету туралы нені үйретеді?
(last modified Mon, 14 Oct 2024 11:17:30 GMT )
Қаз 14, 2024 17:17 Asia/Almaty
  • Құран залымдармен қарым-қатынас жасау, жәбірленгендерге қолдау көрсету туралы  нені үйретеді?

ParsТoday – Алла Тағала жаратқандарға құқық белгіледі, оның бұзылуы илаһи қаһарға ұшыратады, сондықтан да Құранда жәбірленушілерді қорғау және залымдар мен басқыншыларға қарсы тұру туралы нұсқаулар берді.

Қасиетті Құран Кәрімде айтылғандай, зұлымдық – күнәнің ең ауыр түрлерінің бірі. Егер қатыгездік басқаларға қол сұғумен бірге болса, бұл әрекет Алланың көзқарасы тұрғысынан өте үлкен күнә және ең үлкен күнәлардың қатарына жатады. Бұл зұлым адамды және қоғамды ауыр дүниелік және ақыреттік азаптарға, ақырында тозақ отына ұшыратады.

Алла Тағала: "...Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар",- деді. ("Бақара", 229-шы аят). Алланың шегінің  бірі – өзгенің құқығын бұзбау және оған қолдау көрсету қажеттілігі.

ParsТoday мақаласында бұл мәселеге қысқаша шолу жасалды.

 

Залыммен күресу

Исламның көзқарасы бойынша зұлымдықты қабылдау айып, ал зұлымдық алдында әрекетсіз қалу ешқашан қабылданбайды. Зұлымдық пен озбырлықпен күресу әдістерінің бірі – кек алу және оның орнын қандай да бір жолмен өтеу. Әсіресе, залымдар өздерінің зұлымдығын біліп, әрі қарай жалғастыруды көздейтін жағдайларда. Кейде құлымдық жеке мәселе емес, қоғаммен байланысты. Бұл жағдайда оған қатаңырақ шара қолдану керек. Біріншіден, ол езгіге жол бермеу керек. Одан әрі жаудың жауыздығы болса, оны қайталауға батылы жетпеуі үшін жазалануы керек. Бұл жаза мен илаһи талаптың маңыздылығы соншалық, қажет болған жағдайда да ол үшін жанын қиюы керек, осылайша залымдардың жәбірі болашақ ұрпақ үшін шектелінеді. Ислам пайғамбарының немересі Имам Хусейннің (ғ.с.) Ашурадағы ұлы дастаны осы Құран көзқарасының залымдармен бетпе-бет келудегі көрінісі және жүзеге асуы болып табылады. Бұл дастанда жәбірленген және жәбірлеуші адамдарға Құранның айқын хабарлары бар.

Алла Тағала "Шуара" сүресінің 227-ші аятында былай деді: "Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі". Сондай-ақ: "Және де егер оларға бір зұлымдық болса, олар жәрдемдеседі",- деп айтты. ("Шура", 39-шы аят) және "Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер".("Наһл", 126-шы аят).

 

Езілгендерге қолдау көрсету міндеті

Құран мұсылмандарға жәбірленушінің өтініші болған жағдайда көмектесуге асығуды бұйырады. Кейде адам жәбірлеушіден қорқып, жәбірленушіге көмектесуге бармауы да мүмкін. Бірақ мұндай ойлау Исламда қабылданбайды және әрбір мұсылман мазлұмдардың үндеуіне жауап беруі қажет. Яғни, нағыз мұсылман зұлымдық пен залымдарға қарсылық білдіруімен қатар, жәбірленушілерге көмектесуге асығады.

Алла Тағала «Шура» сүресінің 38 және 39-аяттарында зұлымдыққа қарсы тұруды мұсылмандарға тән қасиеттердің бірі деп санайды. «Ниса» сүресінің 75-аятында да жәбірленушілерге қолдау көрсету мүміндерге илаһи міндет деп ашық айтылған: "Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар".

Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 13-15-ші аяттарында және «Хаж» сүресінің 39 және 60-шы аяттарында басқыншыларға қарсы мазлұмдардың майданын қорғап, қолдау көрсетуі туралы, сонымен бірге мазлұмдарға көмектесу және залымдарға қарсы жиһад жасау мүміндер қатарына қосылу дегенді білдіретінін айтады.

Алла Тағала «Шура» сүресінің 42-ші аятында залымдардан кек алуды жәбірленушінің заңды және белгілі бір құқығы деп санап, жәбірленушінің кек алу үшін әрекет жасаса, оны айыптауға болмайтынын, өйткені оның есесін қайтаруға хақы бар екенін еске салады. "Шынында сөгіс, адамдарға зұлымдық қылып, жер жүзінде орынсыз шектен шыққандарға лайық. Міне солар үшін жан түршігерлік азап бар". 

Құран жәбірленушілер мен жәбірлеушілерге қарсы жаһандық шайқаста жәбірленушілердің түпкілікті жеңісіне баса назар аударады. Тіпті осы жолда және ақырғы жеңіске жетпес бұрын азат пен жәбір көргендер шейіт болса да, шын мәнінде олар түпкілікті жеңіске жетеді және олардың сыйлары Аллаға қалдырылады. «Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі». («Әл-Имран», 169-шы аят).