Қандай еңбек Әһле Бәйт (ғ.с.) Інжілі деп аталады?
ParsТoday – «Сахифа Саджадие» – ғұламалар мен үлкендер арасында «Құранның қарындасы», «Әһле Бәйттің (ғ.с.) Інжілі», «Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің Забуры» деген аттармен танымал Ислам пайғамбарының ұрпағы Имам Саджадтың (ғ.с.) жазба еңбектерінің бірі.
«Сахифа Саджадие» кітабы имам Хұсейннің (ғ.с.) ұлы имам Саджадқа (ғ.с.) қатысты дұғалар жинағы. «Сахифа ас-Саджадия» имам Саджад (ғ.с.) айтқан және имам Бақер (ғ.с.) мен оның інісі Зәйд ибн Әлидің екі данада жазылған 54 дұға жинағы. ParsТoday мақаласында осы кітапқа қысқаша шолу жасады.
Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) деп танымал болған имам Саджад хижраның 38 жылы шағбан айының 5-ші жұлдызында дүниеге келген. Имам Саджад (ғ.с.) әкесі Имам Хұсейн мен Ислам пайғамбарының басқа ұрпақтары шәһид болған Кербала оқиғасында болды, бірақ ауруына байланысты соғысқа қатыспады. Хазірет Саджад (ғ.с.) 34 жылдық имаматында намаз, руханият және құқықтар туралы дикуссиялар құрып, дұшпандарының қалауына қарсы Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) мен оның әулетінің есімін қайта тірілтті.
«Сахифа ас-Саджадие» Әһле-Бәйт (ғ.с.) мектебінің асыл мұрасы ретінде, Имам Хомейнидің айтуынша, «Мұхаммад әулетінің Забуры» болып табылады. Бұл кітап намаз және дұға туралы болғанымен, имам Саджад (ғ.с.) намаздың нысаны мен форматында айтқан көптеген исламдық және мистикалық ғылымдар мен тағылымдарды, діни заңдар мен үкімдерді және саяси, әлеуметтік, тәрбиелік және ахлақтық мәселелерді қамтиды.
Жағымсыз оқиғалар мен қайғылы уақыттағы дұғалар, мұқтаждықтарды Алладан сұрау, ата-анаға дұға ету, бала-шағаға дұға ету, шекарашыларға дұға ету, көршілер мен достарға дұға ету, аштық пен қуаңшылықтан кейін жаңбыр сұрағанда дұға ету және дұшпандардың алдауынан сақтану үшін дұғалар «Сахифа Саджадиеде» жинақталған.
«Сахифа Саджадие» парсы, ағылшын, француз, индонезия, түрік, урду, испан, португал, босния және албан сияқты әртүрлі тілдерге аударылған. Бұл кітаптың ағылшын тіліндегі аудармасына сілтеме төменде берілген.