«Ең жақсы әділеттілік – мазлұмға көмектесу»; Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және оның ұрпақтарынан хадистер
ParsToday – жәбірленушіні қорғау – исламдық дәстүрлерде баса айтылған ұтымды әрі туа біткен мәселе.
Зұлымдыққа ұшыраған, құқықтары бұзылған адам жәбірленуші деп аталады. Ислам пайғамбары мен хазіреттің жанұясының көптеген рауаяттарында мазлұмдарға көмектесуге баса назар аударылады. ParsToday Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және Оның әулетінің осы тақырыпқа қатысты бірқатар хадистерін ұсынады:
1. Ислам пайғамбарының жұмақтағы серігі
Ислам пайғамбары (с.ғ.с.):
مَنْ أَخَذَ لِلْمَظْلومِ مِنَ الظّالِمِ کانَ مَعىَ فِى الْجَنَّةِ تَصاحُبا.
Кімде-кім зұлым адамның ақысын залымнан алса, ол жәннатта маған серік болады. («Бихар әл-әнуар», 75-ші том, 359-шы бет, х.74).
2. Алладан пана сұрау
Ислам пайғамбары (с.ғ.с.):
اِسْتَعیذوا بِاللّه ِ... مِنْ اَنْ تَظْلِموا اَوْ تُظْلَموا.
Зұлымдық жасаудан немесе жәбірленуден Алладан пана тілеңдер. («Нахдж әл-Фасаха», 278-ші бет).
3. Жәбірленушіге көмекші
Имам Әли (ғ.с.):
وَ کُونَا لِلظَّالِمِ خَصْماً وَ لِلْمَظْلُومِ عَوْناً.
Әрқашан залымның қас жауы, жәбір көргеннің досы, көмекшісі бол. («Нәһжуль-Балаға» 47-ші хат)
4. Ең жақсы әділеттілік
Имам Әли (ғ.с.):
اَحْسَنُ الْعَدْلِ نُصْرَةُ الْمَظْلومِ.
Ең жақсы әділдік – жәбірленгендерге көмектесу. (Ғарр әл-Хакам, 2 том, 394-ші бет, х.2977).
5. Ең жақсы билеуші
Имам Әли (ғ.с.):
خَیْرُ الْمُلوکِ مَنْ اَماتَ الْجَوْرَ وَ اَحْیَى الْعَدْلَ.
Ең жақсы билеуші – зұлымдықты жойып, әділетті қайта тірілтуші. (Ғарр әл-Хакам, 3-том, 431-бет, х.5005)
6. Залымға көмектеспеу
Имам Саджад (ғ.с.), Имам Хусейннің (ғ.с.) ұлы:
اَللّهُمَّ إِنّى أَعوذُبِکَ مِنْ... أَنْ نَعْضِدَ ظالِما أَوْ نَخْذُلُ مَلْهوفا أَؤْ نَرومَما لَیْسَ لَنا بِحَقٍّ؛
Уа, Алла, мен пана сұраймын... Жәбірлеушіге көмектесіп немесе мазлұмдалған, жүрегі ауырған адамды көмексіз қалдырып немесе құқығымыз жоқ нәрсені талап ете алу жолына түспеуіме көмектесе гөр. («Сахифа әс-Сәджәдия», 8-шә дұғаның бөлігі).
7. Зұлымдықтан сақтану
Имам Бақыр (ғ.с.):
یا بنى ایاک و ظلم من لایجد علیک ناصرا الا الله.
Балам, Алладан басқа жәрдемшісі жоқ біреуге зұлымдық жасаудан аулақ бол. («Бихарул-анвар», 46-шытом, 153-ші бет).