Құрбан айт – жүрек пен қоғамды тазарту мүмкіндігі, тәуелділіктен құтылудың символы
ParsToday – Хадис саласындағы зерттеушінің айтуынша, имам Резаның (ғ.с.) Құрбан айт күніне арналған жолдауы сыртқы рәсімдерден асып түседі. Бұл күн – қоғамды моральдық және әлеуметтік қайта құруға шақыру.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран университетінің профессоры, хадис саласының зерттеушісі Джавад Афшари Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатында имам Реза (ғ.с.) іліміндегі Құрбан айттың ахлақтық және әлеуметтік өлшемдеріне тоқталып: «Имамның сөзімен айтсақ, Құрбан айт – тазару күні» деді. Имам Реза (ғ.с.) былай деген: «Жүректер өшпенділік, көреалмаушылық, дұшпандықтан арылып, кешірім арқылы қоғамды жанашырлық пен бірлікке жетелейтін күн».
Ол былай деп қосты: «Имам Реза (ғ.с.) да бұл ілімдерді өзінің іс-әрекетінде көрсетті. Құрбан айт күні ең жақсы киімдерін киіп, адамдармен көңілді болып, құрбандық етінің көп бөлігін кедей-кепшіктерге, жетімдерге бағыштаған деседі. Бұл күнгі қайырымдылық басқа күннен артық».
Афшари былай деп баса айтты: «Егер біздің қоғам бүгінде моральдық мәселелер мен әлеуметтік бөлінулерге тап болса, имам Резаның (ғ.с.) Құрбан айт туралы іліміне қайта оралу шешім бола алады. Құрбан айт – адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге, өшпенділіктерді жоюға, кешірім мен құрбандық шалуға арналған күн».
Құрбандық – тәуелділіктен құтылудың символы
Ислам тарихы профессоры Махбуба Сафари де осы ақпарат агенттігіне имам Реза (ғ.с.) тұрғысынан құрбан шалу философиясына тарихи көзқараспен сұхбат беріп, былай деді: «Құрбан айт – адам баласының ең үлкен сынақтарын еске түсіру; Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) сәтті өтіп, ұлын илаһи әмірге сай құрбандыққа шалуға дайындаған сынақ. Имам Реза (ғ.с.) осы оқиғаны баяндау арқылы адамның материалдық және эмоционалдық тәуелділіктен құтылуын атап көрсетеді».
Ислам тарихы профессоры былай деді: «Тарихи және қиссалық деректерде имам Реза (ғ.с.) құрбандық шалуды Алланың қалауына құлдық пен абсолютті мойынсұну жаттығуы деп санаған. Ол адамның кемелдікке жетуіне, бақытқа жетуіне ең үлкен кедергі – дүниелік тәуелділіктер деп есептеді. Құрбан айт – бұл тәуелділіктен арылып, имандылық пен тазалық деңгейін сынау мүмкіндігі».
Ол былай деп қосты: «Имам Реза (ғ.с.) бір рауаятта: «Құрбандық шалу сендерге жүктеледі, өйткені бұл Ибраһим мен Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) дәстүрі және Аллаға бойұсынудың белгісі», - деп қосты. Имамның бұл сөзі Құрбан айт философиясының тек мал бауыздаумен ғана шектелмейтінін, керісінше құрбандық шалуға дайындық, мойынсұну, ықыласпен қарауда жатқанын көрсетеді.
Саффори былай деп атап көрсетті: «Имам Реза (ғ.с.) Құрбан айт пен жүректерді тазарту арасындағы байланысқа ерекше мән берді. Ол әрбір құрбандықпен мүмін өзінің дүниелік құмарлығы мен нәпсі қалауларының бір бөлігін де құрбан етіп, жүректі илаһи нұрды қабылдауға дайындауы керектігін айтты».
Бұл Ислам тарихы зерттеушісі сөзін жалғастырды: «Әһле Бәйт (ғ.с.) өмірінде Құрбан айт әрқашан ізбасарларға практикалық және әлеуметтік руханилықты үйрету мүмкіндігі болды. Имам Реза (ғ.с.) шәкірттеріне бұл күні тек өздері үшін ғана емес, өзгелер үшін де дұға етуді және Алладан оның барлық құлдары үшін жақсылық пен игілік тілеуді насихаттады».
Ол: «Имам Реза (ғ.с.) Құрбан айтында ізбасарларын мұқтаждарға көмектесуге, жетімдерге қолдау көрсетуге және жаралы жандарды жұбатуға белсенді түрде атсалысуға шақырды».
Сафари былай деп қосты: «Бүгінгі қоғам Имам Реза (ғ.с.) тұрғысынан Құрбан айттың көпқабатты хабарларын жаңғырта алса, көптеген ахлақтық дағдарыстар, шектен шыққан индивидуализм және әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, руханият пен жанашырлықпен алмастырылады деп үміттенуге болады».