-
Амир Абдуллахиан: Шетелдік барлау қызметтері Иранда азаматтық соғыс тудырып, елді бөлшектеуді көздеп отыр
Қар 17, 2022 17:18Иран Сыртқы істер министрі: "Шетелдік барлау қызметтері Иранда азаматтық соғыс тудырып, елді бөлшектеуді көздеп отыр",-деді.
-
Амир Абдоллахиан: Біз Ресейге Украина соғысында қолдану үшін қару берген жоқпыз
Қар 12, 2022 19:33Иран Сыртқы істер министрі: «Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарына сәйкес, бізде қаруды экспорттау мен импорттауға тыйым салынған жоқ, бірақ біз Ресейге Украина соғысында қолдануға ешқандай қару берген жоқпыз»,- деді.
-
Иран Адам құқығы кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізу туралы ескертті
Қар 11, 2022 15:05ИИР Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесуінде Адам құқығы кеңесінің Иранға қатысты арнайы отырысын өткізу талпыныстарын қабылдауға болмайтын жәйт деп тауып, осы кеңестің саяси әрекетінің Иранның Батыспен ынтымақтастығына кері әсерлері туралы ескертті.
-
Амир Абдуллахиан: Иран келісімді сақтау үшін диалогқа жолды ашық қалдырды
Қар 05, 2022 15:42Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ядролық келісімнен біржақты шығуы мен БҰҰ қарарын айқын бұзуына тоқталып: «Иран келісімді сақтау үшін диалогқа жолды ашық қалдырды»,- деді.
-
Амир Абдуллахиан Сирияның Сыртқы істер министрін Теһранда қарсы алды
Қар 02, 2022 18:45Сирия Сыртқы істер министрін Иранның 13-ші үкіметінде Теһранға үшінші сапары барысында Иран Сыртқы істер министрі қарсы алды.
-
Амир Абдуллахиан: Кавказ қайшылығын шешу жолы – 3+3 отырысын өткізу және аймақтық механизмдерді пайдалану
Қаз 31, 2022 16:58Иран Сыртқы істер министрі әзірбайжандық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасып: "Иран Кавказ қайшылығын шешу үшін 3+3 отырысын өткізіп, аймақтық механизмдерді қолдану керек деп санайды",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Дұшпандар Иранда қауіпсіздікті бұзу үшін көпқырлы жоба жасады
Қаз 27, 2022 21:16Иран Сыртқы істер министрі: «Шаһшырақ» кесенесіндегі лаңкестік шабуыл Иранда террор мен қатыгездікті қолдап отырғандардың сұрқия пиғылын көрсетті»,-деді.
-
Амир Абдоллахиан: Иран санкцияларды жою бойынша келіссөздерде америкалық тарапқа жеңілдік бермейді
Қаз 22, 2022 19:27Иран Сыртқы істер министрі: «Иран логика аясында, ИИР-ның қызыл сызықтарын сақтауда және санкцияларды жою келіссөздерінде АҚШ жағына ешқандай жеңілдік бермейді»,- деді.
-
Амир Абдуллахиан: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты хат алмасу мен сұхбаттасу дұрыс бағытта жалғасып жатыр
Қаз 21, 2022 18:24Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Ереванда Армения Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз отырысында Иранға қарсы сұрқия санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздер үдерісінің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасап: «Санкцияларды жойып, барлық тараптарды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтару мақсатындағы келісімнің қорытынды кезеңіне жету үшін хат алмасу мен сұхбаттасу дұрыс бағытта жалғасып жатыр»,-деді.
-
Иран Кавказ аймағында бөгде күштердің орналасуына қарсы
Қаз 16, 2022 17:45Иран Сыртқы істер министрі өзінің әзірбайжан әріптесімен телефон арқылы сұхбатында Кавказда бөгде күштердің болуын аймақтық елдердің ортақ алаңдаушылығы деп атап, Иранның шетелдік күштерді аймаққа орналастыруға қарсы екенін айтты.