-
Гиляндағы күріш алқаптары
Шіл 28, 2021 14:19Гилян облысындағы күріш алқаптарында дәстүрлі және механизацияланған қалыпта күріш жинау науқаны басталды. Науқан 40 күнге созылады.
-
Ясудждағы Таморади шатқалы
Шіл 27, 2021 17:56Таморади шатқалы Ясудж қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.
-
Иран: Сустан тоғаны
Шіл 23, 2021 14:19Сустан тоғаны (Soostan Lagoon) – Гилан облысының Лахиджан ауданында орналасқан әдемі тоғандардың бірі.
-
Қори Қалье үңгірі - Иранның батысындағы туристік жер
Шіл 20, 2021 19:0065 миллион жылдық тарихы бар және геологияның екінші кезеңіндегі Қори Калье үңгірі Керманшах облысында орналасқан. 1976 жылы бір топ ағылшын геологтары Қори Қалье үңгірін ашты және үңгірде геологиялық зерттеулер басталды. Қори-Қалье үңгірі 40-60 пайыз ылғалдылыққа ие және оның температурасы 7-11°C. Сүңгілер мен түрлі геологиялық құбылыстарды тамашалауға болатын бұл үңгірде жарғанаттың тышқан жарғанаты деп аталатын сирек кездесетін түрі мен сары саламандра жәнтік өмір сүреді.
-
Мешхедтегі Кухшар - Ирандағы ең үлкен жасанды сарқырама
Шіл 20, 2021 16:43Хорасан Разави облысының орталығы Мешхедте орналасқан биіктігі 192 метрлік Кухшар - Ирандағы ең үлкен жасанды сарқырама. Бұл жасанды сарқыраманың құрамына ұзындығы 252 метр, ені 5 метр және ұзындығы 320 метр болатын өзендер кіреді. Жердің табиғи беткейіне бейімделуіне байланысты ол екі деңгейде, айырымы 2 жарым метр болатындай етіп салынған. Кухшар Мешхедтің оңтүстік биіктігінде орналасқан және оның ауданы 79 гектарды құрайды.
-
Мешхедтің геологиялық мұражай-бағы – геология тарихына саяхат
Шіл 18, 2021 14:46Мешхедтің геологиялық мұражай-бағы – 10 мың шаршы метр ауданда орналасқан Иранның ең ірі геологиялық мұражайы. Ол геофизика, барлау, шахталық туннель және геология бөлімдерінен тұрады. Мұражайда 775 асыл тас, қазба жұмыстары кезінде табылған 550 зат және 800 тас түрі жинастырылған. Tyrannosaurus деп аталатын динозаврдың қаңқасы – осы мұражайдың ең көрнекті экспонаты.
-
Язд - тарихтың жүрегінен шыққан жәдігер
Шіл 09, 2021 14:53Әсем әрі тарихи Язд қаласы Иранда үйлерінің тарихи жағдайы мен сәулеті жағынан ерекше орынға ие және бұл қалада көптеген көне ескерткіштер мен ғимараттарды тамашалауға болады.
-
Шамс әл-Амара - Теһрандағы алғашқы биік ғимарат
Шіл 04, 2021 19:17Шамс аль-Амара - 1903 жылы Насер ад-Дин Шахтың бұйрығымен салынған Теһрандағы алғашқы бес қабатты ғимарат.Шамс аль-Амараның биіктігі 35 метр, ол Теһран қаласындағы ең биік ғимарат болды. Шамс аль-Амара өз құрылымында металды қолданған алғашқы ғимарат болды және өзінің перголалық сәулетімен, сағатымен және биіктігімен еуропалық ғимараттарға өте ұқсас.
-
Саеб Табризи мазары
Шіл 01, 2021 21:33Мұхаммад Әли Саеб Табризи - хижраның 11 ғасырында және Сефевидтер кезеңінде Иранның ұлы ақындарының бірі. Ол 1592 жылы Табриз қаласында дүниеге келіп, 1676 жылы қайтыс болды.
-
Лиқван - Ирандағы әлемге әйгілі ірімшік астанасы
Маусым 28, 2021 19:59Лиқван тарихи ауылы өзінің табиғаты, жағымды климаты, бұлақтары мен табиғи ағаштарына байланысты Иранның солтүстік-батысындағы «жұмақ алқабы» деп аталатын туристік тартымдылық ретінде танымал.