Нахилу – Ирандағы ең сирек аралдардың бірі
Там 22, 2021 18:02 Asia/Almaty
Нахилу аралы – Бушер облысындағы құстардың жұмағы. Ол әлемдегі ең сирек аралдардың бірі және Таяу Шығыста жыл құстары мекендейтін теңдессіз арал.
Арал Қоршаған ортаны қорғау ұйымының қарамағына алынған. Қолайлы өсімдік жамылғысы мен құмдауыт жердің болуы және адамдардың қоныстанбауы себепті арал – жыл құстарының жұмыртқалауына таптырмас мекен.
Қара жолақты теңіз қарлығашы, үлкенді-кішілі кекілді қарлығаштар және теңіз шаянымен қоректенетін 50 мыңнан аса құстар Нахилу аралында шашырай тіршілік етеді.
Тегтер