-
Иранның ең үлкен аквариумы
Қыр 03, 2019 20:57Иранның ең үлкен аквариумы Анзали еркін аймағында орналасқан. Оның ішінде дүниежүзінің бес құрлығы балықтарының 350-ден астам түрін көруге болады.
-
Арг-е Бам – Иранның сәулет өнері мен отырықшы өмір салты тоғысқан алғашқы мекен
Қыр 01, 2019 23:492500 жылдан аса тарихы бар Бам тарихи қамалы Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман облысының Бам қаласына жақын орналасқан. Бам тарихи қамалы шамамен 200 мың шаршы метр ауданды алып жатыр. Ол әлемде кірпіштен салынған ең үлкен кешендердің бірі саналады.
-
«Пивежен» ауылы – Иранның солтүстік-шығысындағы туристік полюс
Қыр 01, 2019 23:40Мешхедтен 65 км жердегі «Пивежен» жайлаулық ауылы – Иранның солтүстік-шығысындағы туристік және зиярат орталықтардың бірі.
-
Иран: Хамадан
Там 31, 2019 15:20Хамадан – Иранның батысындағы таулы өңірде орналасқан ең көне әрі ірі қалаларының бірі. Ол – Хамадан облысының орталығы. Қала Алванд тауының етегінде теңіз деңгейінен 1741 метр биіктікте орналасқан. Иранның салқын өңірлерінің бірі саналады.
-
Шираздағы Эрам бағы
Там 31, 2019 15:16Насыреддин шах Қаджардың заманында Ширазда салынған Эрам бағы – халық пен саяхатшылардың тамашалап, демалатын жері. Көркемдік тұрғыдан ғимараттың үшінші қабатындағы екі залдың төбесі ағаш бөренелер және бірдей тақтайлармен жабылып, онда әдемі де нәзік суреттер салынған.
-
Гүлістан сарайы: Шамс ул-Эмаре ғимараты
Там 28, 2019 11:55«Гүлістан сарайы» кешені – Теһранның тарихи қамалынан қалған ескерткіш. Онда Қажарлар әулетінің шахтары өмір сүрген. Бұл кешен 200 жылдық тарихы бар Иранның астанасы Теһрандағы ең әдемі әрі көне кешендердің бірі саналады. Ол 2014 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелді.
-
«Лунак» сарқырамасы
Там 27, 2019 12:36«Лунак» сарқырамасы Гилян облысының ең әдемі табиғи сарқырамаларының бірі. Ол Сиахкол-Дилман күре жолының бойында Лунак орманының ішінде орналасқан екі кішкентай сарқырамадан құралған.
-
«Өнер бағы» көлі
Там 27, 2019 12:30Теһранның Аббасабад ауданының солтүстігіндегі бақтар кешені 40 мың гектардан аса аумақты алып жатыр. «Өнер бағы» осы ауданның ең әдемі бақтарының біріне айналды. Аббасабад ауданының жалпы жобасына сәйкес, Өнер бағы мәдени, ғылыми және көркемдік салаларда қызмет ету мақсатында Кітап бағы, көл, Ниаеш бағы, Асыл тастар мұражайы мен Қасиетті қорғаныс мұражай-бағының жанында салынған.
-
Парсы шығанағы шәһидтерінің көлі (Читгяр)
Там 26, 2019 02:28Читгяр немесе Парсы шығанағы шәһидтерінің көлі – Теһранның солтүстік батысындағы 22-ші ауданда орналасқан жасанды көл. Көлдің ауданы 130 га. Оның айналасына 120 га ауданды алып жатқан саябақ, демалыс, ойын сауық және сауда кешендері салынған.
-
Каспий теңізі жағалауындағы демалыс
Там 26, 2019 02:19Жыл сайын жаз мезгілінде туристер Иранның түкпір түкпірінен елдің солтүстігіне сапар шегіп, Каспий теңізі жағалауында серуендеп, демалады.