-
Чабахардың жартасты жағалауындағы муссон толқындары
Там 26, 2019 02:11Муссон – Иранның оңтүстік батысындағы Мекран жағалаулары, әсіресе Чабаһар айлағында көктемдік ауа райы қалыптасып, қатты толқын болатын маусым. Маусым айының басынан басталатын муссон тамыз айында ең жақсы жағдайға жетеді. Чабаһардың Мекран жағалауынан бастап Пәкістанның Гуатер айлағына дейін ауа райы салқындайды.
-
Мазандеран тауларындағы Рамсардың табиғаты
Там 25, 2019 12:56Рамсар қаласы – Мазандеран облысының ең батыс нүктесіндегі елді мекен. Бұған дейін «Сахтсәр» деп аталған бұл қала оңтүстікте Альборз таулы сілемімен, солтүстікте Каспий теңізімен шектесіп жатыр.
-
Шахдад таулары
Там 24, 2019 13:24Лут шөлі ЮНЕСКО ның дүниежүзілік мұра тізіміне Иранның алғашқы табиғи ескерткіші ретінде тіркелген. Бұл шөлдің басым бөлігі Керман облысында жатыр. Шахдад таулары Керман қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан. Ол Лут шөлінің қақпасы іспеттес. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жерлер, Шахдад таулары, тың табиғат пен ерекше өсімдік жамылғысы осы аймақтың тартымдылықтарының бірі саналады.
-
Дүниежүзілік мешіт күні
Там 24, 2019 04:02Ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің Теһран саммитында Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымы әл Ақса мешітінің сионистік режим тарапынан өртелген күнін Дүниежүзілік мешіттер күні деп белгілеуге ұсыныс жасады. Ұсыныс қабылданды. Сөйтіп, 21 тамыз Дүниежүзілік мешіт күні деп белгіленіп, жыл сайын аталып өтіледі.
-
"Ниаваран сарайы" тарихи-мәдени кешені
Там 22, 2019 19:05"Ниаваран сарайы" тарихи-мәдени кешені Теһранның солтүстігіндегі 12 га ауданды алып жатқан бақта орналасқан. Ондағы ғимараттар Қаджар және Пехлеви дәуірлеріне тиесілі. Ниаваран бағында исламға дейінгі және кейінгі өнердің қосындысынан тұратын безендіру тәсілдері қолданылған.
-
Мариванның Зарибар көлі
Там 19, 2019 18:47Зарибар көлі – Ирандағы ең үлкен тұщы сулы көлдердің бірі. Елдің батысындағы ең танымал әрі әдемі табиғи тартымдылықтардың бірі саналады. Жыл сайын көптеген отандық және шетелдік туристер бұл көлді көріп қайтады.
-
Сараван орманды саябағы
Там 17, 2019 16:49Сараван орманды саябағы – Гилян облысының табиғи тартымдылықтарының бірі. Саябақ Решт-Теһран күре жолынан 17 км жерде орналасқан.
-
Дүниежүзілік ушу күніне арналған жиын өтті
Там 15, 2019 23:28Теһранның Азади алаңында ушудың әртүрлі тармақтарында жаттығатын спортшылардың қатысуымен Дүниежүзілік ушу күніне арналған жиын өтті.
-
Теһранда ескі көліктердің парады өтті
Там 15, 2019 23:07Сәрсенбі күні таңертең Теһран көшелерінде ескі көліктердің парады өтті
-
Теһранның құстар бағы
Там 14, 2019 14:01Құстар бағы Теһранның солтүстік шығысында Лавизан орманының ортасында орналасқан. Бұл бақ құстарды жақсы сақтауға табиғи жағдай қалыпастыру мақсатында табиғат аясында жобаланып, жасалған. Бақ екі бөлімнен тұрады. Оның бір жағында сайын далада тіршілік ететін құстарды қамап ұстауға арналған торлы бөлім болса, екінші жағында су айналасында тіршілік ететін құстарды сақтауға арналған тоғандар бар.