• Семнандағы Рудбарак орманы

    Семнандағы Рудбарак орманы

    Там 13, 2019 16:34

    Рудбарак Шахмирзад орманы – Семнан облысының Махдишахр ауданының ұлттық туристік орталықтарының бірі. Орманда көктем мезгілінде жауын-шашынды салқын ауа райы, жазда салқын, күзде суық ауа райы болса, қыста қар жауады. Қардың қалыңдығы шамамен 1,5 метрге жетеді.

  • Табриздегі дәстүрлі жіп бояу кәсібі

    Табриздегі дәстүрлі жіп бояу кәсібі

    Там 13, 2019 16:26

    Табриз - Иранда қолдан кілем тоқу орталықтарының бірі. Жіп бояу - кілем тоқуға қатысты дәстүрлі кәсіптердің бірі.

  • Шейх Сафиеддин Ардебилидің мазары

    Шейх Сафиеддин Ардебилидің мазары

    Там 12, 2019 19:13

    Шейх Сафиеддин Ардебилидің мазары – Ардебиль қаласының ең маңызды тарихи ескерткіштерінің бірі және Иранда сирек кездесетін тарихи ғимараттардың бірі. Мазар архитектуралық стилі мен қыш тақташалармен безендіру тұрғысынан х.қ.ж.с.б. 8 ғасыр мен одан кейінгі жылдардағы теңдессіз туындылардың қатарына жатады.

  • Бандар-Аббастағы

    Бандар-Аббастағы "Парсы шығанағы жұлдызы" атты мұнай өңдеу зауыты

    Там 09, 2019 15:56

    "Парсы шығанағы жұлдызы" атты мұнай өңдеу зауыты 3 фазада 120 мың баррель мұнай өңдеу қуатымен "Оңтүстік Парс" ортақ кен орнынан газ өндіру жалғастырып, қоршаған ортаны ластауды азайтып, елді стратегиялық энергетикалық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында жұмыс істеп жатыр.

  • Анзали айлағы

    Анзали айлағы

    Там 08, 2019 14:35

    Анзали айлағы – Гилян облысының батысындағы Анзали ауданының орталығы. Анзали қаласының Гилян облысының орталығы Решт қаласына дейінгі қашықтығы – 40 км. 150 мың тұрғыны бар бұл қала айлақ болғандықтан бұрыннан бері сауда және туризм тұрғысынан жоғары маңыздылыққа ие.

  • "Әли Садр" үңгірі

    Там 07, 2019 15:58

    "Әли Садр" үңгірі Ирандағы тоғанды үңгірлердің бірі және әлемдегі санаулы сулы үңгірлердің қатарына жатады. Үңгірдің ішінде әлемдегі ең ұзын қайықпен жүзу бағдары бар. Бұл үңгір Хамандан облысының Кабудараханг ауданының Әли Садр ауылына жақын жердегі Сарықия биіктігінде орналасқан. Оның теңіз деңгейінен биіктігі – 2100 метр. Үңгірдің ішінде иерелең жолдар мен көптеген дәліздер бар.

  • Табриздің Машруте үйі

    Табриздің Машруте үйі

    Там 06, 2019 15:20

    Машруте үйі – Табриз қаласының тарихи үйлері мен мұражайларының бірі. Ғимарат Қаджарлар дәуіріндегі архитектуралық стильмен салынған. Қажы Мехди Кузекананидің жеке меншік үйі болған.

  • Құмның тұз күмбезі

    Құмның тұз күмбезі

    Там 05, 2019 13:59

    Тұз күмбезі Құм қаласының солтүстік батысынан 20 км жерде орналасқан. Ол Құм облысының туристік тартымдылықтарының бірі саналады. Бұл күндері тұз күмбезі арасындағы көлшікке су толғандықтан ол емдік туризмге қолайлы орынға айналды.

  • Иранның хайуанаттар әлемі

    Иранның хайуанаттар әлемі

    Там 03, 2019 15:05

    Жабайы жануарлардың тіршілігі адамдар үшін әрдайым қызықты. Әсіресе хайуанаттардың тіршілігін егжей тегжейлі баяндайтын деректі фильмдерді көп тамашалайды. Иранның хайуанаттар әлемінде құстар мен жануарлардың алуан түрі бар. Торғайдан бастап, ирандық бұғылар, бүркіттер мен сұңқарларға дейін кездеседі.

  • Имамзада Ибрахим – Гиляндағы көруге тұрарлық ауыл

    Имамзада Ибрахим – Гиляндағы көруге тұрарлық ауыл

    Там 01, 2019 18:17

    Имамзада Ибрахим (ғ.) ауылы Гилян облысының Шафт ауданында орналасқан. Бұл ауылда ағаштан жасалған әдемі түрлі түсті үйлер бар. Үйлердің алдыңғы қабырғасы ашық. Олардың кейбіреулері матамен немесе қаппен жабылған.