-
«Сәрағасид» тұз бұлағы
Там 02, 2019 15:02Сәрағасид ауылы – Чахармахал мен Бахтияри облысындағы Куһранг ауданына қарасты туристік аймақтардың бірі. Онда алма мен жүзім бақтарымен қоса, тұщы және ащы су бұлағы мен субұрқақтары бар. Бұл бұлақ ауылдан 20 км қашықтықта орналасқан. Ауылдың әйелдері тұз алу үшін хауыздар жасаған. Бұл машақаты көп жұмыс.
-
Урумие көлі
Там 02, 2019 14:33Урумие көлі ежелгі Иранда «Чичест» деп аталған. Ол «жарқыраған ақ» деген мағына береді. Бұл күндері жаздың аптап ыстығында Урумие көлі көптеген жолаушылар мен туристерді қабылдап жатыр.
-
Шахреза – ұлттық қыш қаласы
Шіл 31, 2019 19:38Исфахан облысындағы Шахреза ауданы қыш бұйымдарын жасайтын 30 шеберхана орналасқандықтан елдегі қыш өнімдерін өндіретін орталықтардың бірі саналады. Бұл аудан топырағының 70 пайызы қышқа қажетті балшық жасауға қолайлы. Сол себепті аудан өткен жылы "Ұлттық қыш қаласы" атағын ала алды. Бұл қалада қыштан бұйым жасау кәсібі 700 жыл бұрын Сефевилер заманында басталған.
-
Сұлтание күмбезі – әлемде кірпіштен салынған ең үлкен күмбез
Шіл 30, 2019 17:17Сұлтание күмбезі Зәнджан облысының Сұлтание қаласында орналасқан. Ол Ильханилер заманындағы Иран сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттарының бірі саналады.
-
Қешм аралы
Шіл 29, 2019 14:04Қешм аралы – Иранның әдемі туристік тартымдылықтарының бірі. Арал Хормозган облысында орналасқан.
-
Шахсеван көшпелі тайпасы
Шіл 28, 2019 16:21Шахсеван көшпелі тайпасы – Иранның солтүстік-батысындағы аудандарда, соның ішінде Дәшт-е Мұған, Урумие мен Ардебильде өмір сүретін әзірбайжан халқының бір тармағы. Бұл тайпаны Иранның басқа көшпелі тайпаларынан ерекшелендіретін нәрсе – жарты сфералы алашықтар.
-
Иран: Исфахан (23)
Шіл 27, 2019 14:45Исфахан – Иранда тұрғындар саны бойынша Теһран мен Мешхедтен кейінгі үшінші қала. Ал турист тарту бойынша Мешхедтен кейін ең жоғары статистикалық көрсеткішке ие.
-
Теһран: Аббасабад – мәдени-туристік аймақ
Шіл 24, 2019 14:40Бұрын Теһранның адам аяғы баспаған аймағы саналған Аббасабад аймағы 68 гектар көлемімен осы кезде үлкен демалыс-сауықтыру кешеніне айналды. «Кітап әлемі», «Өнер әлемі», «Музыка әлемі», «Философия әлемі» ғимараттары мен «Қасиетті қорғаныс жылдары» мұражайы Теһранның Аббасабад аймағының халықты ерекше қызықтыратын жерлері.
-
Иран: Чакруд аңғары
Сәу 24, 2019 18:44Чакруд – Гилан облысында орналасқан әдемі аңғар. Бұл аңғар Рахимабад аймағынан басталып, Каспий теңізіне ұласады. Бұл аңғар бір негізгі және екі қосымша аңғардан тұрады. Бұл жердегі сарқырамалардың биіктігі 5 метрден төмен. Тек қосымша аңғардың бірінен биіктігі 30 метрлік бір сарқыраманы көруге болады.
-
Иран: Мейманд ауылы
Сәу 20, 2019 18:17Мейманд ауылы – Иранның тарихи ауылдарының бірі. Ол Керман облысында Бабак қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Қолда бар деректерге сәйкес, жартастардың ортасында ойылып салынған бұл таңғажайып ауылдың 2-3 мың жылдық тарихы бар. Мейманд ауылындағы бір немесе бірнеше бөлме мен қорадан тұратын үй "кидже" деп аталады.