-
Иран: Ағаш ауыл
Сәу 13, 2019 19:21Жергілікті ағаш ауыл Иранның Хорасан-е Разави облысының Нишапур қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл – Иранда сирек кездесетін теңдессіз ауыл. Ол инженер Хамид Моджтахедидің арқасында толығымен ағаштан салынған. Бұл ауылдың көрнекті жерлерінің қатарына ағаш мешіт, мұражай, кітапхана, мейрамхана, дүкен, наубайхана, күрке, жалға берілетін шағын бөлмелер мен жасыл кеңістік жатады.
-
Иран: Шаһристанак
Нау 26, 2019 16:52Шаһристанак – Тучал тауының солтүстігінде, Теһраннан 80 км жердегі Алборз облысында орналасқан ауыл. Тарихи деректер бойынша, бұл ауылдың тарихы хиджри жыл санағы бойынша алтыншы ғасырдан басталады. Бұл мекеннің су қорлары мен бұлақтары халықтың ауылға көптеп келуінің себебі.
-
Иран: Липар суқоймасы
Нау 22, 2019 18:55Липар суқоймасы немесе қызғылт көл Чабаһар жағалауынан Гоатер күре жолының 20 км жері мен Оман теңізінің жағалауында орналасқан. Көптеген өсімдік планктондары мен әртүрлі өзендер арқылы түсетін органикалық материалдар көлдің мұндай түске енуіне себеп болып отыр. Оман теңізінің муссонды дауылы салдарынан туындайтын теңіз ағымдары аймақта өсімдік планктондарының санын көбейтеді.
-
Иран: Алендан көлі
Нау 20, 2019 15:40Алендан көлі – Иранның солтүстігіндегі Мазандаран облысындағы Киасар аймағының туристік көрнекті жерлерінің бірі. Көлдің қалыпты күндердегі мөлшері 17 гектар. Жаңбыр жауған кезде 30 гектарға жетеді. Көлде қыс кезінде жабайы үйректер қоныстанады. Соңғы жылдары көлге балық жіберудің арқасында оның қолданыс аясы арта түсті.
-
Иран: Фалак-ол-Афлак қамалы
Нау 19, 2019 17:41Фалак-ол-Афлак қамалы Лорестан облысының Хоррамабад қаласында орналасқан. Бұл – 224-651ж.ж. Иранды билеген Сасани дәуірінен келе жатқан қамал.
-
Иран: Варкане ауылы
Нау 18, 2019 16:32Варкане – Һамедан қаласынан 20 км жерде орналасқан облыстың туристік тартымды ауылы. Ауылдың көшелері тастармен қоршалған. Олар жарық түскен кезде қоңыр түске еніп, Ренессанс дәуіріндегі еуропалық суреттерді еске салады. Варкане ауылының 400 жылдан астам тарихы бар. Бұл ауылда әлемдегі алғашқы жасанды жүректі жасаған профессор Тоуфиқ Мусиванд дүниеге келген.
-
Иран: Ағашт ауылы
Нау 14, 2019 17:36Ағашт ауылы – Иранның солтүстігіндегі Альборз облысының Бараған ауданына қарайтын ауыл. Бұл ауылдың ауыз суы 17 км қашықтықта орналасқан бұлақтан алынады. Ауылда табиғи тартымды жер өте көп.
-
Иран: Зейнеддин керуен сарайы
Нау 11, 2019 15:10Зейнеддин керуен сарайы Язд-Керман жолынан 60 км жерде орналасқан. Бұл керуен сарай – Ирандағы жалғыз айналмалы керуен сарай. Оның бес мұнарасы бар. Сарай ирандық-исламдық сәулет негіздері бойынша Аббас шаһтың кезінде Зейнеддин Ганджалихан Ригтің бұйрығымен салынған. Бұл тарихи-мәдени ғимарат – туристер тоқтайтын дәстүрлі қонақ үй.
-
Иран: Йезд шөліндегі тоған
Нау 10, 2019 15:32Йезд шөліндегі тоған шөл даланың ортасында Йезд қаласының канализациялық жүйесінен жиналған судан пайда болған. Ол көшпелі құмның арасында орналасқандықтан әдемі табиғат қалыптастырды. Бұл тоған Йезд қаласының солтүстігінен 4 шақырым жерде орналасқан. Оның айналасын қамыс қоршап жатыр. Қалдық суды қыста жыл құстары паналайды.
-
Иран: Һенгам аралы
Нау 09, 2019 21:25Һенгам аралы Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас айлағынан 43 теңіз миль қашықтықта орналасқан. Бұл арал тұрғындарының тұрмысы теңізбен тығыз байланысты. Ер адамдар балық аулап, туристерді тасымалдаумен айналысады. Әйелдер теңіз материалдарынан қолөнер бұйымдарын жасайды. Һенгам аралы – дельфиндер мен түрлі түсті балықтардың тіршілік ететін жері.