• Иран: «Жындар аңғары»

    Иран: «Жындар аңғары»

    Нау 06, 2019 19:38

    «Жындар аңғары» Табас қаласынан 25 км жерде орналасқан. Оның биік шатқалдарындағы суреттер аңғардың мыңжылдық тарихы мен эрозия мен су тасқыны салдарынан пайда болғанынан сыр шертеді. Туннельдер мен шатқалдарының түбіндегі үй-жайлар аңғардың тартымдылығын арттыра түседі. Туннельдер Сасани билігі кезінде салынған деген болжам бар.

  • Иран: «Гол Рамиан» бұлағы

    Иран: «Гол Рамиан» бұлағы

    Нау 05, 2019 15:30

    «Гол Рамиан» бұлағы Гүлстан облысының шығысы мен Рамиан қаласының оңтүстігіне қарай шамамен 6 км жерде орналасқан. «Гол Рамиан» бұлағы – ұзындығы 34-44 метр, тереңдігі 80 метрге жететін табиғи бассейн. «Гол Рамиан» – әлемдегі екінші, Ирандағы ең терең суық бұлақ.

  • Иран: «Жұлдыздар аңғары»

    Иран: «Жұлдыздар аңғары»

    Нау 04, 2019 15:12

    «Жұлдыздар аңғары» – Иранның оңтүстігінде, Қешм аралының оңтүстік-шығысындағы «Берке халаф» деп аталатын ауылмен шекаралас жерде орналасқан. Бұл аңғар шамамен екі миллион жыл бұрын жел мен жаңбыр және дауыл салдарынан топырақ пен тастардың эрозиясынан пайда болған. Аңғар Қешм аралының геопаркінің бір бөлігі әрі табиғи ескерткіш ретінде ЮНЕСКО ұйымында тіркелген.

  • Иран: Сибан дәрре

    Иран: Сибан дәрре

    Нау 03, 2019 16:30

    Сибан дарре – Альборз облысында Теһраннан 75 км қашықтықта орналасқан Савджабалақ ауданына қарасты ауыл. Бұл ауылда 72 адам (27 жанұя) тұрады. Һезарбанд өзені ауылдың батысынан ағып жатыр. Орталық Альборз аймағында орналасқан тұрақты өзеннің ұзындығы – шамамен 22 км. Өзеннің жартастарды жарып ағуы уақыт өте келе терең хауыздардың пайда болуына себеп болған.

  • Иран: Хазине сайы

    Иран: Хазине сайы

    Нау 02, 2019 19:25

    Хазине сайы – Полдохтар-Андишмак жолының бойындағы Андишмак ауылына жақын орналасқан бірегей туристік тартымды жер. Бұл сайдың көрнекті жерлерінің бірі – аспалы көпір. Ол Таяу Шығыстағы ең ұзын аспалы көпір саналады. Кархе өзенінің үстіне салынған көпірдің ұзындығы – 112 метр, биіктігі – 85 метр. Бұл сай АҚШ-тағы Үлкен каньон ұлттық саябағына (Grand Canyon National Park) ұқсайды.

  • Иран: Зарабад ауылы

    Иран: Зарабад ауылы

    Ақп 25, 2019 15:11

    Зарабад – Қазвин қаласының солтүстік-шығысынан 70 шақырым қашықтықта Аван көліне жақын орналасқан ауыл. Зарабад аулы "қан тамшылайтын шынар" ағаштарымен танымал. Имамдардың ұрпағының бірі Әлиасқар бен Мұса Казем зиратының орналасуы мен ескі екі шынар ағашы Зарабад ауылының ежелгі тарихқа ие екендігінен сыр шертеді.

  • Иран: Гаһар көлі

    Иран: Гаһар көлі

    Ақп 25, 2019 13:27

    «Гаһар» көлі – таудағы ең әдемі көл. Ол Иранның Луристан облысындағы Дуруд қаласының оңтүстік шығысынан 35 км қашықтықта Ошторонкуһ таулы сілемінің арасында теңіз деңгейінен 2350 метр биіктікте орналасқан. Ол «Үлкен Гаһар» және «Кіші Гаһар» деген екі бөліктен тұрады. Көлдің айналасын емен, сырға тал мен бадам ағаштары көмкерген. Гаһар жергілікті диалектіде «ойық жерде жиналған, өте терең әрі тымық көрінетін су» деген мағынаны білдіреді.

  • Иран: Деразноу

    Иран: Деразноу

    Ақп 23, 2019 15:56

    Деразноу ауылы Гүлстан облысының Кордкуй қаласынан 40 км қашықтықта биіктігі шамамен 2800 метрлік Дерауноу шыңына жапсарлас орналасқан. Таяу Шығыстағы ең ірі әрі үздік парапланда ұшу орталығы осы ауданда орналасқан. Елдің әртүрлі қалаларының үстінен ұшып өтуді қызық көретіндердің көбі Деразноу биіктігіне барады.

  • Иран: Ораман

    Иран: Ораман

    Ақп 21, 2019 15:13

    Ораман – Иранның батысындағы Күрдістан мен Керманшаһ облыстарының арасында орналасқан таулы ауыл. Археологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұл ауылдың 12-40 мың жылдық тарихы бар. Осы аймақтан палеолит дәуіріне тиесілі тас құралдар табылды. Ауыл тұрғындары күрдтер. Олар һурами диалектісінде сөйлейді.

  • Иран: Ташкуһ

    Иран: Ташкуһ

    Ақп 20, 2019 21:45

    Ташкуһ – Хузистан облысындағы табиғи ғажайыптардың бірі. Оның шұңғымалары суық судың орнына ыстық су атқылайтын бұлақтар секілді. Геологтардың айтуынша, Ташкуһтегі алаулардың себебі жердегі күкірт пен жердің тереңдігінен бетіне шығатын табиғи газдың мөлшерімен байланысты. Газдың жануы түнде керемет көрініс қалыптастырады.