Иран: «Жұлдыздар аңғары»
(last modified Mon, 04 Mar 2019 09:12:13 GMT )
Нау 04, 2019 15:12 Asia/Almaty
  • Иран: «Жұлдыздар аңғары»

«Жұлдыздар аңғары» – Иранның оңтүстігінде, Қешм аралының оңтүстік-шығысындағы «Берке халаф» деп аталатын ауылмен шекаралас жерде орналасқан. Бұл аңғар шамамен екі миллион жыл бұрын жел мен жаңбыр және дауыл салдарынан топырақ пен тастардың эрозиясынан пайда болған. Аңғар Қешм аралының геопаркінің бір бөлігі әрі табиғи ескерткіш ретінде ЮНЕСКО ұйымында тіркелген.