Иран: Фалак-ол-Афлак қамалы
https://itolqyn.com/news/uncategorised-i41578
Фалак-ол-Афлак қамалы Лорестан облысының Хоррамабад қаласында орналасқан. Бұл – 224-651ж.ж. Иранды билеген Сасани дәуірінен келе жатқан қамал.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 19, 2019 17:41 Asia/Almaty
  • Иран: Фалак-ол-Афлак қамалы

Фалак-ол-Афлак қамалы Лорестан облысының Хоррамабад қаласында орналасқан. Бұл – 224-651ж.ж. Иранды билеген Сасани дәуірінен келе жатқан қамал.

Хоррамабадта орналасқан Шапурхост деген қаланы Сасани әулетінің патшалары салған. Кейін бұл қала қиратылып, шамамен хиджридің жетінші ғасырында оның орнына қазіргі Хоррамабад салынды. Фалак-ол-Афлак қамалы Сасани әулеті кезеңінде Шапурхост қаласында салынып, үкіметтік және әскери мақсаттар үшін қолданылған деген болжамдар бар. Хоррамабад қаласы салынған соң бұл қамал Хоррамабад қамалы, кейін Қаджар билігі кезінде Фалак-ол-Афлак қамалы деп танымал болды.