-
Медведев: Иранның Таяу Шығыстағы қақтығыстағы ұстанымдары елдің діни жетекшісінің көрегендігіне байланысты
Ақп 23, 2024 21:20Ресей Қауіпсіздік кеңесінің басшысы: «Иранның Таяу Шығыстағы қақтығыстағы дана саясаты мен теңгерімді ұстанымдары Ислам революциясы жетекшісінің көрегендігін көрсетеді. Иран өте байсалды және сабырлы позицияны ұстанады, сондықтан ол әскери қақтығысқа бармайды",- деді.
-
Иран Палестина дағдарысын шешу үшін референдум өткізуді қуаттайды
Ақп 23, 2024 19:51ИИР-ның Халықаралық Соттағы өкілі Палестина дағдарысының шешімі барлық палестиналықтардың қатысуымен референдум өткізу екенін жариялады.
-
Иран Теһрандағы Кувейт елшісіне наразылық нотасын тапсырды
Ақп 23, 2024 19:32ИИР Кувейт үкіметінің соңғы апталарда БАҚ кеңістігіндегі Араш алаңы мәселесіне қатысты көзқарасынан кейін Теһрандағы Кувейт елшісіне өз наразылығын жеткізді.
-
Иран «Милан 2024» әскери-теңіз жаттығуларына қатысады
Ақп 23, 2024 17:21ИИР Әскери-теңіз күштерінің оңтүстік флот штабының орынбасары бұл күштің ирандық «Дана» эсминецімен Үндістандағы «Милан 2024» әскери-теңіз оқу-жаттығуына қатысатынын хабарлады.
-
Палестина халқының құқықтарын қайтару, Газа секторындағы геноцидті тоқтату қуатталды
Ақп 23, 2024 16:56Иран Сыртқы істер министрі саяси шешімдер қабылдау мен БҰҰ қарарларына назар аударуды, Палестина халқының құқықтарын қайтаруды және Газа секторындағы геноцидті тоқтатуды қуаттады.
-
Иран Вице-Президенті Махабадта
Ақп 22, 2024 20:18Иран Вице-Президенті әрі Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы: "Махабадтың "Сахулан" үңгірінің тереңдігі 62 метрден асады. Ол әлемдегі ең терең әктасты үңгірлердің бірі саналады. Онда жануарлардың құнды түрлері тіршілік етеді",-деді.
-
Ирандық зерттеушілер нано кремний диоксидін пайдалану арқылы отандық шиналар мен құрылыс бояуларының сапасын жоғарылатты
Ақп 22, 2024 19:31Іргелі ғылымға негізделген бір ирандық компанияның зерттеушілері нано кремний диоксидін пайдалану арқылы отандық шиналар мен құрылыс бояуларының сапасын жоғарылатты.
-
Ирандық зерттеушілер балалардың танымдық қабілетін арттыратын ақылды құрал жасап шығарды
Ақп 22, 2024 19:19Жасанды интеллектке негізделген бұл құралдар 5 жастан төмен балалары бар ата-аналарға қарапайым ойындар ұсынады.
-
Бүгін Иран мен Мажарстан ортақ комиссиясының 14-ші жиналысы өтті
Ақп 22, 2024 19:04Бүгін Иран мен Мажарстан ортақ комиссиясының 14-ші жиналысы Иранның Қаржы және экономика министрі мен Мажарстанның Сауда және Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтті.
-
Бүгін таңертең Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауында бақ сынасатын 15200-ден аса үміткердің үгіт-насихат жұмысы басталды
Ақп 22, 2024 18:57Иран Сайлау штабының баспасөз өкілі: "Атқарушы комитеттер, облыстық тексеру комиттеттері мен полиция басқармасы үгіт-насихат жұмыстарын бақылап, хабарламаларды қарастырады",-деді.