-
Иран мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Жел 21, 2023 20:33Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты және аймақтық мәселелер, соның ішінде Палестина мен Газадағы өзгерістерді талқылады.
-
Раиси халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады
Жел 21, 2023 15:16Иран Президенті Пәкістанның Президентімен телефон арқылы сұхбатында халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады.
-
Раиси Иран мен Кувейттің қарым-қатынас деңгейі жоғарылайтынына үміт білдірді
Жел 21, 2023 14:45Иран Президенті сәрсенбі күні кешке Кувейттің әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, осы елдегі жаңа билеушінің кезінде екі еклдің қарым-қатынасы одан ары дами түсетініне үміт білдірді.
-
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының саяси кеңсесі АҚШ-тың теңіз күштері коалициясын құруына реакция білдірді
Жел 20, 2023 22:15Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының саяси кеңсесі АҚШ теңіз күштерінің коалициясының құрылуына реакция білдіріп: "Йемен қарулы күштері Қызыл теңіздегі сионистік дұшпанға қарсы операцияларын жалғастыруда. Бірақ олар әлемнің ешбір еліне қауіп төндірмейді",- деді.
-
Сейед Абдул Малик әл-Хоуси: Израиль майданда жеңілген сайын бейбіт тұрғындарды өлтіруге көшуде
Жел 20, 2023 22:03Йемен "Ансаролласының" жетекшісі: "Израиль режимі әйелдер мен балаларды тыйым салынған Американың қаруларымен өлтіріп жатыр және Америка соғыстың басынан бері Израильдің қылмыстарында серіктес болды",- деді.
-
Бүгін таңертең сионистік сарбаздар тағы да Джебалия лагеріне қарай ілгерілеуге әрекеттенді
Жел 20, 2023 21:42Соңғы 20 күнде басқыншылар Джебалияны қоршау арқылы бұл лагерьге бірнеше рет шабуыл жасады, бірақ әр жолы жеңіліске ұшырап, шегінуге мәжбүр болды.
-
Боррель: Еуропаға қауіп төніп тұр
Жел 20, 2023 19:32Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель «Екі соғыстың ортасындағы Еуропа» туралы сөзінде а континентке қауіп төніп тұрғанын айтты.
-
Тель-Авив соғысты тоқтатуға тырысуда
Жел 20, 2023 19:15Израиль шенеуніктері мен БАҚ бүгін, сәрсенбі, желтоқсанның 20-сы, Тель-Авивтің ХАМАСпен тағы бір атысты тоқтату келісіміне дайын екенін және Катардың делдалдық әрекетінің сәтті болуы үшін америкалық шенеуніктерге қысым көрсетіп жатқанын хабарлады.
-
Ресей: Вашингтон Израильді палестиналықтарды өлтіретін қару-жарақпен қамтамасыз етеді
Жел 20, 2023 18:47Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Василий Небензя: «Вашингтон Израильді палестиналықтарды өлтіру үшін қолданатын қару-жарақпен қамтамасыз етеді»,- деді.
-
10 халықаралық ұйым тез арада және тұрақты атысты тоқтатуға шақырды
Жел 20, 2023 17:37Сионистік шабуылдарда Газадан 19660-тан астам адам қаза тапқаннан кейін 10 халықаралық ұйым дереу және тұрақты атысты тоқтатуды талап етті.