Сионистік Haaretz газеті: Израиль «қауіпті стратегиялық тұзаққа» түсті
Haaretz газеті сионистік режимнің Палестина мен Ливанның қарсыласуымен ұзақ соғыспен бетпе-бет келгенін хабарлады.
Haaretz газеті: "Бұл режимге келтірілген шығын Газа соғысында қолға түскен олжадан әлдеқайда көп",- деп жазды. Ливан Хизболласының басып алынған жерлерге жасаған шабуылдарына тоқталып, Haaretz былай деп жазды: "Ливанмен шектесетін елді мекендер жойылуы жағынан Газаның солтүстігіндегі Джебали лагеріне ұқсас. Хизболла тағы да елді мекендерді жоюды жалғастыруда".
Екі күн бұрын «Нью-Йорк Таймс» газеті ХАМАС пен басқа да палестиналық қарсыласу топтарының құрылуының тамыры Израильдің оккупациясында жатқанын және Палестина жері басқыншылықта болғанша, ХАМАС- ы жою қиял екеніне тоқталды. Соғыс кабинеті мүшелерінің бірі Бенни Ганц: «Израиль құрылғаннан бері бұрын-соңды болмаған сынақпен бетпе-бет келіп отыр», - деді.