-
Бушеһр-БАӘ жаңа жүк тасымалдау желісі іске қосылды
Ақп 01, 2023 17:39Иранның оңтүстігіндегі Бушеһр облысының порттар мен кеме қатынасының бас директоры: «Бушеһр – Парсы шығанағы елдерінің жаңа кеме қатынасының қызметі БАӘ-ге ерекше назар аудара отырып, іске қосылды»,- деді.
-
Иран Парсы шығанағының жалған атауын түзету үшін Иракқа ресми наразылығын білдірді
Қаң 27, 2023 14:46Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ирак қайраткерлерінің Парсы шығанағы үшін жалған атау қолдану әрекетін екі ел арасындағы тату көршілік пен достық қарым-қатынас қағидаттарына қайшы деп санап, осы процесті түзетуді талап етті.
-
Иранның оңтүстігіндегі акваториядағы Парсы шығанағының тұрақты атауы
Қаң 21, 2023 15:23Соңғы апталарда Иракта Парсы шығанағы кубогы футбол турнирінің өтуімен, сонымен қатар кейбір Ирак саясаткерлері Иранның оңтүстігіндегі көгілдір аймақты араб шығанағы деп атаған жалған сөзді қолдануымен, бұл елде «Араб шығанағы» деген атаумен естелік маркалар да басылып шықты. Бұл жарыстар «Әл-Халидж» деп жиі өткізілетін, бірақ бұл кезеңде жарыстың атауы «Әл-Халидж әл-Араби кубогы» деп аталды.
-
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Француз басылымының әрекеті – жиреніш таратудың айқын үлгісі
Қаң 09, 2023 22:58Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Charlie Hebdo француз басылымының әрекетін жиреніш таратып, құндылықтарды қорлаудың айқын үлгісі деп атады.
-
Иран АҚШ-тың 2023 жылғы Ұлттық қорғанысты рұқсат ету туралы заңына енгізілген Иранға қарсы кейбір ережелерге реакция білдірді
Жел 30, 2022 15:39Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ-тың 2023 жылғы Ұлттық қорғаныс өкілеттіктері туралы заңындағы Иранға қарсы кейбір ережелер Америка Құрама Штаттарының дұшпандық, арандатушылық және интервенциялық сенімдері мен саясаттарының жалғасуын және иранофобиялық көзқарасты алға жылжытуды көрсетеді»,- деді.
-
Теһран диалогы – аймақта өзара сенімді арттыруға бағытталған форум
Жел 19, 2022 19:22"Теһран диалогы" атты үшінші форум (TDF-2022) "ИИР-дың тату көршілестік саясаты – достық пен сенім тудыруға бастар жол" деген тақырыпта Иран Сыртқы істер министрі мен бірқатар шетелдік қайраткерлер мен ғалымдардың сөз сөйлеуімен дүйсенбі күні Теһранда басталды.
-
Амир Абдуллахиан Иранның аумақтық тұтастығына құрметпен қарау керегі жайлы қытай тілінде пост жазды
Жел 12, 2022 18:27Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі жеке парақшасында Иранның аумақтық тұтастығына құрметпен қарау керегі жайлы қытай тілінде пост жазып: "Аумақтық тұтастықты сақтау мәселесінде ИИР ешкіммен мәймөңкелесіп тұрмайды",-деді.
-
Теһрандағы Қытай елшісі Иран СІМ-не шақыртылды
Жел 11, 2022 20:32ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Парсы шығанағының ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер басшыларының 43-ші отырысының қорытынды мәлімдемесінде айтылған негізсіз уәждерді айыптап, мұндай мәлімдеме жасауды "Ираннан үркіту" атты жеңіліс тапқан саясатты қайталау деп атады.
-
Генерал-майор Бағери: Парсы шығанағы әрдайым Иран Қарулы күштерінің бақылауында
Жел 04, 2022 17:03Иран Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы: "Парсы шығанағы күндіз-түні Иран Қарулы күштерінің бақылауында",-деді.
-
Парсы шығанағында 11 млн литр сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталды
Қаз 31, 2022 18:54Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Әділет департаментінің директоры Парсы шығанағында 11 млн литр контрабандалық сұйық отын тиеген шетелдік танкер ұсталғанын хабарлады.