Канани: Сионистік режим ішкі күйреуден құтыла алмайды
(last modified Tue, 04 Apr 2023 13:40:51 GMT )
Сәу 04, 2023 19:40 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистік режим ішкі күйреуден құтыла алмайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жалған сионистік режимнің өмір сүруінің әрқашан соғыс, қауіпсіздік пен аймақта келіспеушілік тудыруға негізделгенін айтып: «Әрине, бұл режимнің ішкі күйреуден құтылатын жолы жоқ»,-деді.

Насер Канани Twitter-де: «Батыс Азия аймағындағы дипломатия мен жақындасу жолы нығая түскен сайын басып алушы сионистік режимнің авантюриялық әрекеттері күшейе түседі. Мұның себебі түсінікті, жалған Израиль режимінің өмір сүруі әрқашан соғысқа, қауіпсіздікке және аймақта алауыздық тудыруға негізделген және әрине, ішкі күйреуден құтылу мүмкін емес»,- деп жазды.

Айта кетейік, сионистік режимнің ақпарат құралдары осы режимнің қауіпсіздік және саяси институттарының Сирияның Мысыр және Парсы шығанағындағы араб елдерімен қарым-қатынасының жақындығына қатысты алаңдаушылығын хабарлаған.