-
Ресей Батыстың Парсы шығанағында тұрақсыздық тудырушы рөлін сынады
Қыр 10, 2019 23:29АҚШ 2018 жылдың мамыр айында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққаннан кейін Иранға барынша қысым жасау саясатын бастады. Оның ең маңызды салаларының бірі – Иран мұнайының экспортын тоқтату. Вашингтонның бұрын-соңды болмаған экономикалық санкциялары мен қысымдары екі елдің арасында текетірестің күшеюіне алып келді. Соның ішінде Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағында қайшылықтар туындап отыр.
-
Ресей мен Украина тұтқындармен алмаса бастады
Қыр 08, 2019 19:27Ресей мен Украина басшылары екі ел арасында тұтқындармен алмасу басталғанын хабарлады.
-
Иран мен Ресейдің Парсы шығанағы аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуден сауда қарым-қатынастарды кеңейтуге байланысты келісімдері
Қыр 03, 2019 20:21Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров дүйсенбіде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен Мәскеуде өткізген ортақ баспасөз отырысында екі елдің арасындағы кешенді келісімдердің қабылданғандарын хабарлады.
-
Ресейдің әуе-ғарыш көрмесінде Иранда жасалған жаңа қанатты зымыранның тұсаукесер рәсімі өтті
Там 28, 2019 10:06Ресейдің «Макс-2019» атты әуе-ғарыш көрмесінде Иранда жасалған «Мобин» атты жаңа қанатты зымыранның тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл ұшақтың ұшу қашықтығы 450 км, салмағы 670 кг, 45 мың фут биіктікте ұша алады. Ресейдің «Макс-2019» атты әуе-ғарыш көрмесі Иран және басқа 16 елдің қатысуымен сейсенбі күні Ресейдің Жуковский қаласында өз жұмысын бастады.
-
Иран әртүрлі елдерге өзінің әуе-ғарыш құрал-жабдықтарын экспорттауға дайын
Там 27, 2019 11:58Ресейде өтіп жатқан әуе-ғарыш көрмесіне қатысу үшін осы елге келген Иран Қорғаныс министрінің орынбасары Теһранның әртүрлі елдерге өзінің ғарыш құрал-жабдықтарын экспорттауға дайын екенін хабарлады.
-
Ресейдің Шешенстан республикасында Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылды
Там 24, 2019 14:06Ресейдің Шешенстан автономды республикасында жергілікті басшылар және шетелдік қонақтардың қатысуымен Еуропадағы ең үлкен мешіттің ашылу рәсімі болды. Шешенстан басшылары сыйымдылығы 30 мың адамнан асатын мәрмәр таспен көмкерілген бұл мешітті Еуропадағы ең үлкен және ең әдемі мешіт деп сипаттады. Жергілікті басшылар: «Бұл мешіт 70 мың ғибадат етушіні қабылдай алады», деп отыр.
-
Ресей алғаш рет ғарышқа адамға ұқсас андроид типтегі робот ұшырды
Там 23, 2019 15:39Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Гагарин» платформасынан «Союз» ұшқышсыз ғарыш кемесімен «Федор» есімді андроид типтегі роботты алғаш рет ғарышқа ұшырды. Бұл ресейлік адамға ұқсас роботтың халықаралық ғарыш станциясында атқаратын алғашқы миссиясы. Ол 17 күн бойы ресейлік ғарышкерлердің бақылауында жұмыс істейді деп күтілуде. Федор ұшар алдында әлемдегі бірінші ғарышкер Гагариннің «Кеттік» деген атақты сөйлемін қайталады.
-
Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Қырғызстанға барды
Там 09, 2019 18:34Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Премьер-министрлерінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке барды.
-
Ресейдегі Ақ теңіздің бір бөлігінде кеме қатынасына тыйым салынды
Там 09, 2019 18:23Ресейдің солтүстік-батысында қанды жарылыстан кейін Ақ теңіздің бір бөлігінде кеме қатынасына тыйым салынды.
-
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты отырысында Мәскеу Батыстың лаңкестікті қолдап отырғанын айтты
Там 08, 2019 23:44Сирияда 2011 жылы тынышсыздық пен бейберекеттік орнап, бір жағынан бұл елдің заңды үкіметі мен оппозиционерлер арасында азаматтық соғыс болып, ал екінші жағынан Батыс пен олардың араб серіктестері қолдаған лаңкестік топтармен күрес басталды.