Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Қырғызстанға барды
https://itolqyn.com/news/world-i43002-Ресей_Қазақстан_Армения_мен_Беларусь_Премьер_министрлері_Қырғызстанға_барды
Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Премьер-министрлерінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке барды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 09, 2019 18:34 Asia/Almaty
  • Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Қырғызстанға барды

Ресей, Қазақстан, Армения мен Беларусь Премьер-министрлері Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Премьер-министрлерінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке барды.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев, Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, Беларусь Премьер-министрі Сергей Румас жәен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бүгін Еуразия экономикалық одағына мүше елдер Премьер-министрлерінің отырысына қатысады.

Екі ай бұрын да аталмыш елдердің басшылары Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен отырыста Еуразия экономикалық одағын дамыту перспективасы мен маңызды мәселелер, соның ішінде сандық күн тәртібін дамыту және аталмыш одақтың халықаралық белсенділіктерінің басты бағыттарын талқылаған болатын.