-
Газа секторының оңтүстігіне ауыр әуе және артиллериялық шабуылдар жасалды
Жел 12, 2023 20:16Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис пен Рафах қалалары бүгін таңертеңнен бері ең қарқынды әуе және артиллериялық шабуылдардың нысанасына айналды. Рафахты бомбалауда осы уақытқа дейін 35 палестиналық шәһид болды, олардың кем дегенде 14-і балалар.
-
Амирабдуллахиан мен Лавров Газа секторы және екіжақты қарым-қатынастар туралы телефон арқылы кеңесті
Жел 12, 2023 16:50ИИР Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоюын Газа тұрғындарына геноцид жасауды жалғастыруға рұқсат беру деп атады.
-
Амирабдуллахиан: Американың сионистік режимді қолдауы атысты тоқтатуға қол жеткізуге кедергі болып табылады
Жел 09, 2023 17:21Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының бұл Ұйым Жарғысының 99-бабын белсендіру әрекетін жоғары бағалай отырып, Американың сионистік режимге қолдау көрсетуі Газада атысты тоқтату келісіміне қол жеткізуге кедергі келтіретінін мәлімдеді.
-
Амирабдуллахиан: Каспий саммитінде аймақтық ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды кеңейту қарастырылады
Жел 05, 2023 17:13Иран Сыртқы істер министрі: «Сапардың мақсаты өткен жылғы Каспий теңізі саммитінің қарарларын қарастыру болып табылады. Мен Каспий теңізі саммиті аясында әртүрлі елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесемін. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Палестина жағдайы мен сионистік режимнің қылмыстары болмақ",- деді.
-
ХАМАС-тың Ирандағы өкілі: Араб елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына үнсіздігі айыпталды
Қар 11, 2023 18:10Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Ирандағы өкілі кейбір исламдық және араб елдерінің сионистік режимнің қылмыстары алдында үнсіз қалуын айыптады.
-
Иордания Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберді
Қар 06, 2023 16:49Иордания королі жексенбі күні түнде Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберілгенін хабарлады.
-
Қазақстан Палестинаға бір миллион доллар гуманитарлық көмек бөледі
Қар 04, 2023 21:17Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға бір миллион доллар гуманитарлық көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
-
БҰҰ ресми өкілі: Газада дереу атысты тоқтату өмір мен өлім мәселесі
Қаз 31, 2023 21:13БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі арнайы агенттігінің (UNRWA) басшысы Газада дереу атысты тоқтату оның тұрғындары үшін өмір мен өлім мәселесіне айналғанын ескертті.
-
Қытай Газаға тағы екі миллион доллар көмек бөледі
Қаз 27, 2023 18:02Қытай халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі елдің Газа секторына тағы 2,05 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек бөлетінін хабарлады.
-
Газада мыңдаған босқындар мен жараланғандар шұғыл медициналық көмек күтуде
Қаз 24, 2023 21:13Сионистік режим халықаралық қысым астында ұзақ мерзімді тексерулерден кейін Газаға шектеулі гуманитарлық көмек жіберуге келіскенімен, жіберілген көмек саны мен сапасы жағынан Газа халқының ауқымды қажеттіліктеріне жауап бермеді және жауап бермейді. Сондықтан сионистік режимнің тұрғын үйлер мен бейбіт тұрғындарға кең тараған шабуылдарынан туындаған адами апаттар, әсіресе осы режимнің шабуылдары әлі де жалғасып жатқандықтан, күн сайын кеңеюде.