Газа азаматтық кеңсесі: Газада 8 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті
(last modified Wed, 13 Dec 2023 13:43:41 GMT )
Жел 13, 2023 19:43 Asia/Almaty
  • Газа азаматтық кеңсесі: Газада 8 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті

Газа Азаматтық кеңсесінің статистикасы бойынша, сионистік режимнің осы белдеудегі бомбалауынан кейін 8 мыңға жуық адам із-түссіз жоғалған.

 

 

Mehr ақпарат агенттігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, Al Jazeera телеарнасы Газа азаматтық кеңсесіне сілтеме жасап: "Көмек сұраған көптеген өтініштер түсіп, босқындар мектептерде материалдық-техникалық базаның жоқтығынан қиындықтарға кезігуде, ал кейбіреулері аурулардың таралуына байланысты өледі",-деп мәлімдеді.

Газа Азаматтық кеңсесі: "Суық мезгілдің басталуымен, жаңбыр жауып, босқындар  көп жиналатын бірқатар мектептерде аурудың өршуіне байланысты аурудан қайтыс болғандар саны да артты. Бізге көмек көліктері қажет, Газадағы бомбалау кезінде басқыншылар тікелей нысанаға алғандықтан олардың көпшілігін жоғалттық",- деп хабарлады. Газа Азаматтық кеңсесідегі қамтамасыз ету менеджері   де: "Бізге шұғыл түрде далалық ауруханалар құру қажет",- деді.