Иран Сыртқы істер министрі Бейрутте Ливан Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Егер Америка аймақта бейбітшілік іздесе, Газадағы соғысты тоқтатып, сионистік режимге қолдау көрсетуден бас тартуы керек",- деді.
Теһрандағы Сауд Арабиясының елшісі Иран Сыртқы істер министріне өз елінің патшасы мен тақ мұрагерінің Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтау хатын жеткізді.
Судан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының Иран президентімен кездесуінде саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды ілгерілету, елшілер алмасу және Теһран мен Хартумдағы елшіліктерді өзара қайта ашу мәселелері талқыланды.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы аймақта текетірестердің күшейгені туралы: "Аймақтағы дағдарыстың қазіргі себебі – АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Израильдің зұлым соғысты жалғастыруы",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі "Х" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрімен кездескеніне тоқталып: "Осы кездесуде соғысты жалғастырудың шешім жолы емес екенін, аймақ халықтарының ашуын тудыруға болмайтынын ашық айттым",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның кеше кешке Йеменге жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптап, осындай бейбастақ шабуылдардың жалғасуын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін алаңдатарлық қатер деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілімен сұхбатында Вашингтонның әскери қатынасын, АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге қарсы әскери шабуылдарын жағдайды күрделендіретін фактор деп атап: "Бұл әрекеттер саяси шешім жолдарын тығырыққа тіреді",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Жозеп Боррель (бейсенбі) телефон арқылы Иран Ислам Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайын, сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылады.
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық істерді үйлестірушісі: "АҚШ Иранмен соғысуды немесе аймақта ауқымды соғыс жүргізуді қаламайды",-деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ сес көрсетіп, өз кінәсін өзгеге жаба сөйлегенді доғарсын. Өйткені Иранның қоқан-лоқыларға жауабы жедел әрі кесімді болады",-деді.