Өркениетті әлем АҚШ-қа қарсы тұруы тиіс
Иран Сыртқы істер министрі Жапонияға сапар барысында осы елдің басшыларымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы бүлдіргі саясаты туралы сұхбаттасты.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Жапония басшыларымен кеңескеннен кейін осы елдің ақпарат құралдарына берген сұхбатында: "Өркениетті әлем заңды сақтап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындайтын елдерге АҚШ-тың зорлық көрсетуімен күресу керек",-деді.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан бір жылдың ішінде АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері артқаннан кейін Иран Сыртқы істер министрі текетірестің күшеюінің алдын алу үшін маңызды елдермен келіссөз жүргізуді күн тәртібіне қойды. Әрине, бұл саясат Иранның ұлттық мүдделеріне көз жұму дегенді білдірмейді. Теһран дипломатияның маңызды рөліне басымдық беру арқылы өзінің мүдделері мен мақсаттарын барлық күш-қуатпен қорғайды.
Иран Батыс Азия стратегиялық аймағында текетірестің болуына әрдайым қарсы. Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында жасаған жаңа шаралары мен Зарифтің Азия елдеріне сапары халықаралық сахнада жауапкершілікті сезінетін ел ретіндегі Иранның сындарлы қатынасын көрсетеді.
Иранның сыртқы саясат саласындағы принципті ұстанымы – сындарлы диалог жүргізу, маңызды мәселелерді шешу үшін әріптесу, халықаралық заңдар мен БҰҰ жарғысына құрметпен қарау. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты бүлдіргі шаралары шарықтау шегіне жеткен кезде Иранның осы келісімдегі міндеттемелерін орындауда жауапкершілік танытуы оның халықаралық сахнада сындарлы рөл ойнайтынын көрсетеді.
Дональд Трамп Ақ үйге келгеннен кейін халықаралық заңдар мен келісімдер және көпқырлы жүйе қатерге ұшырады. Осындай жағдайда АҚШ-тың бұл қатынасына қарсы тұру – маңызды да қажетті іс.
Трамп үкіметінің Иранға қатысты ұстанымы саяси сипатта. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі өткен бір жылда АҚШ атқарған шаралар – осы сөзіміздің дәлелі. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында барлау, сыртқы істер және қарулы күштер комитеттерінің басшылары осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоға хат жазып, Иран туралы ақпараттарды саясиландыру және теріс пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдірді. Осы ортақ хатта: "АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран жайлы мағлұматтарды көбіне саясиландырады",-делінген.
АҚШ-тың екі сенаторы Берни Сандерс пен Крис Ван Холлен Дональд Трампқа жолдаған хатында: "АҚШ үкіметінің Иранға қатысты қатынасының кері нәтижесі болады",-деп мәлімдеді. Америкалық сенатор Тим Кейн: "Иранмен соғысуды ақымақтық деп есептейміз",-деді.
Осындай қарсы дауыстар АҚШ-та да Трамп үкіметі мен командасының бүлдіргі қатынасын түсінетін адамдардың барын көрсетеді. АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы жаңа әрекеттері қате мағлұматтар негізінде жүзеге асырылып жатыр. Америкалық ақпарат құралдарының айтуынша, Иран тек қорғаныс мақсатында сап түзейді.