АҚШ Иран Сыртқы істер министріне Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін виза бермеді
https://itolqyn.com/news/uncategorised-i45051-АҚШ_Иран_Сыртқы_істер_министріне_Қауіпсіздік_кеңесінің_отырысына_қатысу_үшін_виза_бермеді
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи ұйымның Бас хатшысына жазған хатта Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапар шекпек болған Ислам республикасының Иран Сыртқы істер министріне Трамп үкіметінің виза бермегеніне наразылық нотасын жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 11, 2020 22:00 Asia/Almaty
  • АҚШ Иран Сыртқы істер министріне Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін виза бермеді

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи ұйымның Бас хатшысына жазған хатта Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапар шекпек болған Ислам республикасының Иран Сыртқы істер министріне Трамп үкіметінің виза бермегеніне наразылық нотасын жариялады.

Маджид Тахраванчи жұма күні Антониу Гутерришке жолдаған хатында АҚШ-тың заңды міндеттеріне табанды болмауын қайталауы мен Нью-йоркте  орналасқан БҰҰ штаб-пәтерін арнайы елдерге қарсы саяси құрал ретінде пайдалануына алаңдаушылық білдірді. Тахтраванчи БҰҰ Бас хатшысынан бұл ұйымның штаб-пәтерін келісімнің 21-ші бабы бойынша, БҰҰ жүйесінің сенімділігіне күдік келтіретін бұл дағдарысты шешумен айналасуды сұрады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі отырысқа қатысу үшін Мұхаммад Джавад Зариф өткен бейсенбіде Нью-Йоркке сапар шегу керек еді. Бірақ АҚШ үкіметі ИИР-на қарсы мейлінше қысым саясатын жалғастырып, елдің дипломатиялық органының басшысына виза бермеді. АҚШ-тың БҰҰ штаб-пәтерін заңсыз түрде құрал ретінде пайдалануы БҰҰ белсенділігіне қиындық тудырды. Бұл халықаралық ұйымның басты негізі бойынша АҚШ үкіметі БҰҰ барлық мүшесіне ешбір сылтаусыз виза беруге міндетті. Бұл елдің Мемлекеттік департаменті мен тіпті қауіпсіздік  органдары БҰҰ-на мүше елдердің өкілдеріне шектеу қоя алмайды. Бұл салада БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан үкіметтердің трансаймақтық заңдарға кедергі болатын әрекеттеріне тыйым салған көптеген қарар бекітілді. Сондай-ақ Жарғысының 7-ші бабының 2-ші тармағы елдердің ішкі істеріне араласпауды бақылауға алады. АҚШ бұдан бұрын өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы кезінде де Зарифтың Нью-Йоркке сапар шегуіне араласып, ирандық делегацияның Нью-Йорк сапары визасын кешіктіріп берді. 1947 жылғы БҰҰ штаб-пәтері туралы келісімі бойынша АҚШ-тың міндеттерінің бірі БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық қолсұқпаушылық құқықтарын құрметтеп, Нью-Йорктегі БҰҰ сессиялары мен жиналыстарына қатысатын елдердің өкілдеріне ешқандай кедергі жасамау болды. ИИР Сыртқы істер министрінің Нью-йорктегі іс сапарларына шектеу жариялау америкалықтардың қалыпты әрекеті. АҚШ-тың проблемаларының бірі ирандық басшылардың бұл елге сапармен келген сайын басқалардан көбірек ақпарат құралдары мен шешім қабылдайтын орталықтардың көзіне түсіп, америкалық ақпарат құралдарында хабар таратып, АҚШ үкіметі үшін дағдарыс тудыруымен байланысты.