Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстанның Ирандағы елшілігі ұсынған жолдаудың қысқартылған мәтінін жариялап отырмыз.
2020 жылғы 1 қыркүйек
Қазақстан пандемияға қарсы тұруды жалғастыруда. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі пакеті қабылданды. Уақытша кірістерінен айырылған 4,5 миллионнан астам қазақстандықтарға көрсетілген көмек шамамен 1,1 миллиард долларды құрады. 550 мыңнан астам отбасы «Біргеміз» қорының бір реттік қаржылық қолдауымен қамтылды.
Әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдау бөлігіндегі барлық міндеттемелерді орындау үшін Ұлттық қордан шамамен 2,4 миллиард доллар бөлінеді. Әлеуметтік төлемдерді индекстеу жалғасады, ол үшін 2023 жылға дейін шамамен 2,4 миллиард доллар бөлу жоспарланып отыр.
- МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ
Президентке тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылады. Агенттіктің реформалары барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болады.
Шешімдері түпкілікті болатын Жоғарғы Президенттік реформалар кеңесі құрылып жатыр.
Мемлекеттік аппарат және квазимемлекеттік сектордағы жұмысшылар саны биыл 10% -ға, келесі жылы тағы 15% -ға азаяды. Нәтижесінде 2021 жылы төмендеу 25%-ды құрайды. Үнемделген қаражат қалған жұмысшылардың жалақысын арттырады.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлық-балдық шкала енгізіледі, бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен мотивациясының жоғарылауына әкеледі.
Квазимемлекеттік компаниялардың корпоративті басқаруы жақсарады.
ІІ. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты 7 негізгі қағидаға негізделеді:
- Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі.
- Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.
- Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу.
- Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.
- Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.
- «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау.
- Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу.
Жыл соңына дейін «Өндірістік саясат туралы» Заң әзірленеді.
Стратегиялық жобалар үшін заттай гранттарды, жеңілдетілген қаржыландыруды, ішінара кепілдіктерді және экспортты қолдау тетіктерін ұсыну көзделетін болады. Инвесторлардың кейбір күрделі шығындары салық міндеттемелерін есепке алу арқылы қалпына келтіріледі.
Мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлар және жер қойнауын пайдаланушылар үшін кепілді сатып алу талабы қарастырылады.
Жаңа тетік - стратегиялық инвестициялық келісім енгізіледі. Стратегиялық келісімдерге енетін жобалар топтамасы 2021 жылдың сәуіріне дейін әзірленеді.
Барлық сатып алулар бірыңғай сатып алу терезесі арқылы жүзеге асырылады.
Алдағы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі кем дегенде 1,5 есеге өседі.
Ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптасады. Балық аулау саласына қатты назар аударылатын болады.
Өңірлік азық-түлік хабтарын құруға қатысатын жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті пайдаланылатын болады.
Субсидиялау және салықтық ынталандыру бағдарламалары аясында ауылдық жерлерде ынтымақтастықты ынталандыратын шаралар кешені дайындалады.
Жер шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымға тартудың басқа түрлерін дамытады.
Агроөнеркәсіптік кешенде кәсіби кадрлар тапшылығы жойылып, аграрлық ғылым да дамиды.
Елдегі су тапшылығы туралы мәселе шешіледі.
Агроөнеркәсіптік кешенді бесжылдыққа дамытудың жаңа ұлттық жобасы жасалады.
Көлік-логистикалық кешенді дамыту «Нұрлыжол» бағдарламасының екінші кезеңі аясында жалғасады.
2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол, яғни республикалық маңызы бар жолдардың бәрі қайта жөнделіп, жол бойындағы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Теріс экономикалық салдарларды жою үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілді. Төлем мерзімі кейінге шегерілді, несиені жеңілдікпен қайта қаржыландыру мүмкіндігі ұсынылды.
Шағын және орта бизнеске (ШОБ) қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің қазіргі барлық несиелерінің 6 %-ға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік субсидия берледі. Субсидиялау Төтенше жағдай жарияланған сәттен, яғни ү.ж. 16 наурыздан бастап 12 айлық кезеңді қамтиды.
Ұлттық банктің көп зардап шеккен секторлардағы ШОБ үшін айналым қаражатын толтыру бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды, ол үшін қосымша 200 миллиард теңге қарастырылған. Бағдарламаның жалпы көлемі 800 миллиард теңгені құрайды.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квази-мемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алып отырған шағын орта бизнес өкілдері үшін жыл соңына дейін жалдау ақысын төлеу тоқтататылады.
Ең көп зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін жалақы қорына жүктеме азаяды. Жылдың соңына дейінгі кезеңге бюджеттен тыс қорларға жалақыдан аударымдарды жою тапсырылды.
Еліміздің іскерлік ахуалы жақсарады.
Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасауы мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс ретінде қабылданады.
Идеядан нәтижеге дейін мақсатты қолдау көрсету үшін шикізаттық емес орта кәсіпорындарға бағытталған экспортты жеделдету бағдарламасы іске қосылады.
ШОБ-ты дамыту бойынша жұмыстың негізгі нәтижесі оның ІЖӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай 35% -ға дейін, ал жалдамалы жұмысшылардың санын 4 млн адамға дейін ұлғайтуы керек.
Кәсіпкерлікті несиелеу бойынша өтімділіктің бағытын өзгерту және валюталық алыпсатарлықты тоқтату бойынша шаралар қолданылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк несие беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ несие бойынша шекті мөлшерлемелерді саралап-жіктеу және азайту үшін қосымша реттеу шараларын қабылдайды. Ұлттық Банктің құрылымында ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады, оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді.
Салық кодексі мен заңға сәйкес актілерді қайта қарау салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және салықтар мен төлемдер санын азайту мақсатында жүргізілетін болады. Салық ставкалары сараланатын болады.
Пандемиядан көп зардап шеккен кәсіпкерлерге бөлшек сауда салығын айналым есебінен төлеу құқығы беріледі.
Шетелдік инвестициялар ағыны мен Қазақстанға кірісті қайта инвестициялау мақсатында салық салу бойынша халықаралық стандарттар қайта қаралатын болады.
Тек басым бағыттар мен жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін жаңа бюджеттік саясат жасалады. Негізгі фискалдық коэффициенттер мен ережелер жиынтығы әзірленеді.
Тұтас ахуалды білу үшін «кеңейтілген бюджет» ұғымын енгізу қажет. Онда мемлекеттік бюджеттен бөлек, бюджеттен тыс қорлардың да қаржысы есепке алынуға тиіс.
Мемлекеттік органдарға бюджеттік дербестік беріледі.
Есеп комитеті күшейтілетін болады. Оны Үкімет жанындағы Республикалық бюджеттік комиссия арқылы емес, Парламенттің салалалық комитеттері арқылы қаржыландырудың жеке тәртібі болады.
Биржалық сауда-саттықпен, ең алдымен, мұнай өнімдері, электр энергиясы, көмір салаларында тәртіп орнатылады. Сондықтан Президентке тікелей бағынатын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылады.
Жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады. Мемлекетте тек әлеуметтік нысандар, сонымен қатар мемлекеттің қауіпсіздігі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандар болады.
Квазимемлекеттік секторда әкімшілік және басқарушылық құрамды, өнімсіз шығындар мен артық еншілес компанияларды қысқарту бойынша жұмыс жалғасады. «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтері қаржылық мүмкіндіктері анағұрлым жоғары бірыңғай даму институтына біріктіріледі. Портфедьді компаниялардың саны екі есеге, ал штат саны 50% -ға қысқарады.
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа, сондай-ақ «Белдеу және жол» жобасына қатысуына байланысты мүмкіндіктері барынша пайдаланылатын болады.
Инвестициялар тарту және жаңа тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету бойынша жұмыс жаңа әлемде Үкіметтің басымдығы болады.
Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуеті тиімді пайдаланылатын болады.
III. ТЕҢГЕРІМДІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ
Еліміздің аумақтық-кеңістіктік дамуына тәсілдер әр түрлі өңірлердің бәсекелі артықшылықтарын ескере отырып қайта құрылады.
Мемлекеттің еңбек ресурстарының жартысы шоғырланған елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының өнеркәсіптік әлеуеті белсенді дамитын болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, тамақ және тоқыма өнеркәсібін дамытуға, құрылыс материалдары өндірісіне және басқа да өнеркәсіп салаларына байыпты назар аударылатын болады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызмет көрсетудің орталықтарына айналады.
Қазақстанның батыс аймақтары мұнай-химия кешендерін салуға, қосылған құны жоғары жаңа өндіріс циклдарын салуға инвестициялар тарту орталығына айналады.
Моноқалаларға қала құраушы кәсіпорындарға зор жауапкершілік жүктеледі.
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтарында 30 миллионға жуық адам тұрады. Миллионнан астам тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Сондықтан трансшекаралық ынтымақтастықтың маңызды факторы қазақстандық тауарларды ілгерілету және инвестицияларды тарту бойынша Ресей билігі мен ұйымдарымен тығыз өзара ықпалдасу болады.
Ауылдағы ең өткір мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады.
IV. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ
Ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды. 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғынүй алуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компаниялардың иелігіне береді.
Осы жылы «5-10-25» бағдарламасы жұмыс істей бастады. 390 миллиард теңге бөлінді. Мемлекет қаржысы құрылысқа ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бағытталады. Бірінші жылы бұл шараны қамту 10 есеге артады, жүз мыңнан астам отбасы нақты көмек алады. Отбасы банкі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде құрылады.
2021 жылдан бастап «Ақсақан сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылады. ЭКО бағдарламаларына квоталар саны 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге дейін өседі.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Кешіру және мерзімінен бұрын босату құқығы жойылады.
Еліміздің әлеуметтік кодексі жасалады.
Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Ол үшін азаматтың цифрлық «әлеуметтік әмияны» енгізіліп, тиісті тауар тарату жүйесі жасалады.
V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ
Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасы жасалады.
Эпидемиологиялық талаптарға сәйкес күндізгі оқытудың дәстүрлі формасына оралу тәртібі ойластырылатын болады.
Балалардың мүмкіндік теңдігін қамтамасыз ететін жүйелік шаралар әзірленеді.
Мұғалімдердің жалақысы 2021 жылдың қаңтарынан бастап 25% өседі, ол үшін үш жыл ішінде 1,2 триллион теңге бөлінеді.
2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Жеке бизнес тартылады, қолдаудың жаңа түрлері, оның ішінде ваучерлік қаржыландыру тетігі табылады. Ата-аналар кез келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, мемлекет берген ваучермен төлем жасай алады.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы жасалады, ол формальды емес білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өз бетінше білім алудың нәтижелерін тануды, кәсіби шеберлікті сертификаттауды көздейді.
«Кәсіпкерлік негіздері» пәні білім берудің барлық деңгейлерінде - мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылатын болады.
Өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне мейлінше назар аударылады.
«Балалар үйірмелерінің» жұмысы қалпына келтіріледі, мұнда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық пен қолөнер негіздерімен таныса алады.
Ғылымды дамыту бойынша жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында оқудан өтеді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулер үшін 1000 грант беріледі.
Еліміздің ғылыми-техникалық дамуы туралы арнаулы бағдарламалық құжат қабылданады, оның міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымды тарту болып табылады.
VI. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ
Екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге төленеді.
2023 жылға қарай медициналық жалақы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе көп болады.
Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстанда шығарылатын болады. Бұл салада келесі жылдан бастап нақты нәтижелер күтілуде.
Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл – осы мақсатқа орай 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері түбегейлі қайта қаралып, шалғай аймақтарға көлік арқылы медициналық көмек көрсетуді жандандыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Барлық ауылдық елді мекендер фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етіледі.
Медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді (он жыл) болжам жасалады.
Барлық медициналық ұйымдар қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталады, төсек сыйымдылығы 50% -ға жаңарады, өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін жеткізіледі.
VII. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРКЕЛКІЛІКТІ ҚОРҒАУ
Жыл аяғына дейін жаңа Экологиялық кодекс қабылданады.
Алдағы бес жылда орман қорына 2 миллиардтан астам, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызылады.
Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи байлықтары заңмен қорғалатын болады, осы саладағы бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі.
Үкімет «жасыл өсім» бойынша ұсыныстар пакетін әзірлейді.
«Жануарларды қорғау туралы» заң жобасы әзірленеді.
VIII. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ
Қылмыстық сала дамыған ЭЫДҰ елдерінің үлгісімен жаңарады. Қазақстанда нақты өкілеттіктер бөлінісі бар үш деңгейлі модель енгізіледі.
Қылмыстық істер бойынша прокурор 2021 жылдан бастап адамның құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын негізгі процессуалдық шешімдерді келісу үшін заңды жауапкершілікке ие болады.
Ішкі істер министрлігінің құрылымы негізгі емес функциялардан босатылып, қайта қаралады.
Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылады.
Бизнес құқық қорғау органдарының шамадан тыс араласуынан заңды түрде қорғалатын болады. Салық бұзушылықтары үшін кәсіпкерлікті қылмыстық жауапкершілікке тартудың қазіргі шектері де қайта қаралатын болады.
Тіркелген кәсіпкерлерге қатысты кез-келген тергеу әрекеттері соттың немесе прокурордың келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге жүреді.
Президент Әкімшілігі жанынан құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі өкілетті комиссия құрылып жатыр.
«Қоғамдық бақылау туралы» Заң мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін қабылданатын болады.
Қоғамдық кеңестердің құрамына әр түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі адамдар кеңінен тартылатын болады.
Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң жобасы қабылданатын болады.
2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьяларға шетелдік банктердегі шоттарға иелік ету, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізіледі.
Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары жұмыстан шығарылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, пара бергендер мен пара беру делдалдары үшін сыбайлас жемқорлық қатаңдатылады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарға мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік секторда өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынады.
Адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылданады. Балалардың құқықтарын қорғаудың басқа шаралары, атап айтқанда, байланыс процедурасы бойынша Бала құқықтары туралы конвенцияның факультативті хаттамасына қосылу шаралары күшейтіледі.
Азаптауға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнама Азаптауға және басқа қатыгез, адамгершілікке жат әрекеттерге қарсы халықаралық конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіріледі.
Құқық қорғау органдары адам саудасын тергеу процедурасын жетілдіреді.
IX. ЦИФРЛАНДЫРУ – БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
Цифрлық теңсіздік жойылады, Интернетке барынша қол жетімділік және барлық азаматтар үшін сапалы байланыс қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютерлермен және жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі. Осы жылдың аяғында 250-ден астам тұрғыны бар әр ауыл Интернетке қол жеткізе алады.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестері толығымен цифрландырылатын болады.
Биометрика мемлекеттік қызметтер деңгейінде және жеке бизнесте кеңінен қолданылатын болады.
Сала мен ІТ-индустрия арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады.
Бес жыл ішінде бұл салаға инвестиция көлемі 500 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады.
Х. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСУЫ
Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі құрылды. «Бейбіт жиналыстар туралы» жаңа Заң қабылданды, «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Қылмыстық кодекске өзгерістер кіргізілді.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау келесі жылы өтеді.
Билік деңгейлері арасындағы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өкілеттіктер бөлінеді.
Өңірлерді бюджеттік қаржыландырудың жаңа моделі әзірленеді және жергілікті бюджеттерді бекіту үдерісіне бақылау күшейтіледі.
Аудандар мен елді мекендер бюджеттерінен инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға әлеуметтік маңызды шығыстар онлайн-сауалнаманы қолданумен қоса қоғамдық сараптамадан өтеді.
Меншік құқығы кеңейтіліп, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері ұлғаяды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін осы маңызды мәселені шешудің нормативтік-құқықтық базасы мен тетіктері жасалады.
Мәслихаттарға өңірді дамыту және ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан жергілікті түйткілді мәселелерді шешу үшін қол жинау және петиция жасау құзыреті беріледі.
Мәслихаттардың тексеру комиссиялары күшейтіледі.
онлайн-көрсетілімдері енгізіледі.
Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті мемлекеттік органдары құзыреттерінің аражігі кезең-кезеңмен ажыратылады.
Жергілікті өзін өзі басқару органдары болып саналатын жиындар мен жиналыстардың мәртебесі көтеріледі.
«Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформа басталды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді.
Азаматтардың Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады.
Ел азаматтарының мүдделерін қорғаудың маңызды миссиясын саяси партиялар жалғастырады.
ХІ. ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ
Басты міндет - халықтың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру.