Горганда Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды
Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлстан облысының орталығы Горган қаласындағы Қазақстан республикасының Бас консулдығында Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды .
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы және әлемге әйгілі ойшыл әрі философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай кеше, 9 қарашада Қазақстан республикасының Горгандағы Бас консулдығында Қазақстан елшісі Асхат Оразбай, Гүлстан облысы әкімінің орынбасары, басқа да лауазымды тұлғалар және ирандық қазақтардың қатысуымен Абай мәдени-әдеби орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.
Бұл рәсімде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін парсы тіліне аударған ирандық қазақ қажы Мұхаммед Шадкам Қазақстан үкіметі тарапынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.