«Абай мен Шығыс әлемі» атты дөңгелек үстел өтті
(last modified Fri, 04 Dec 2020 10:59:12 GMT )
Жел 04, 2020 16:59 Asia/Almaty
  • «Абай мен Шығыс әлемі» атты дөңгелек үстел өтті

Кеше (03.12.2020) қазақ халқының кемеңгер тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған “Абай және Шығыс әлемі” атты дөңгелек үстел онлайн форматта өтті.

Шараны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті  бірлесіп ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қазақстандағы абайтанушы, шығыстанушы ғалымдар, студенттер мен магистранттар қатысты. Мәнді де мағыналы шарада ұлы ақын Абайдың Шығыстың рухани әлемімен үндестігі мәселесі сөз болды.

Дөңгелек үстелді Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы жүргізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Молдатөреұлы кіріспе сөз сөйледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тұран-Иран» орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Ислам Жеменей «Абай Құнанбайұлының шығармасындағы түркі-парсы ақындары (шығыстық дүниетаным)» тақырыбында баяндама жасады. Абайтанушы, филос.ғ.к. Асан Омаров «Абайдың кемелдік сатылары» жөнінде ой толғады. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының “Ежелгі әдебиет және түркология” бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр «Абай шығармашылығына классикалық түркі əдебиетінің əсері» тақырыбында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғалия Қамбарбекова «Абай мен Хафиз шығырмашылығындағы үндестік» тақырыбында, Pars Today ақпарат сайтының тілші-аудармашысы, Абай шығармашылығын парсы жерінде насихаттаушы  Гаухар Омарханова «Абай шығармаларының парсы тіліне аударылуы мен насихатталуы» тақыбырында, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті білім бағдарламасының үйлестірушісі, Ирантану бөлімінің жетекшісі, PhD, доцент Болатбек Батырхан «Абай мен Фирдауси арасындағы ортақ тақырыптар» жөнінде баяндама жасап, өздерінің құнды көзқарастарымен бөлісті.

«Абай мен Шығыс әлемі» атты онлайн дөңгелек үстел

Баяндамаларды төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар: 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=183290040116339&id=100053060330364