Ақынмен өткен әсерлі кеш
(last modified 2022-12-13T10:36:36+00:00 )
Жел 13, 2022 16:36 Asia/Almaty
  • Ақынмен өткен әсерлі кеш

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Кең дүние», «Уақыттың жүрегі», «Темірен» кітаптарының авторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, елімізге белгілі ақын Бақыт Беделханның «Уақыт пен Бақыт» атты жыр кеші болып өтті.

Кешке мектеп оқушылары, колледж, жоғары оқу орынның студенттері мен оқытушылар қауымы қатысты. Ақынды құрметтеген жастар қара сөзден қамшы өрген ақынға ерекше ықылас танытты. (http://www.kaznu.kz)

Image Caption

 

Бақыт Беделханның шығармашылығына арналған кеште ақынның жүрекжарды жырларын жас буын өкілдері жарыса оқыды және колледждің жас маманы, заң пәндерінің оқытушысы Әуелов Ақтөре әнмен шашу шашты. 

Өз кезегінде кеш иесі Бақыт Беделхан өзінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, тыңдарманға сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқып берді. Сырлы сұқбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, ақын өлеңдерімен рухани сусындап қайтты.

Image Caption

Көпшілікті әсіресе бұл кездесуге асқан дайындықпен келген, ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсеткен, рухани кешті ұйымдастыруға мұрындық болған факультеттің деканы фил.ғ.к, қауымдастырылған профессор Суатай Сәбит Құрманжанұлының жұмысы көңілге жылылық ұялатты. Тамаша кеш соңында факультеттің құрметті ұстазы Айша Карипжанқызы мен колледж директорының міндетін атқарушысы Мадина Несіпбекқызы ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін жаудырды. Сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, білім мен ғылымның қара шаңырағына  ақ тілегін арнап, студенттермен естелікке суретке түсті.

Image Caption

 

                        Идрисова Г.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, оқытушы

Тегтер