Иран мен Қазақстан арасында ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды
24 мамырда Иран Ислам Республикасының Ғылым, зерттеулер және технология министрлігінің делегациясы 25-26 мамырда өтетін ИЫҰ-15 Ғылым министрлерінің бірінші отырысына қатысу үшін Алматы қаласына келді.
Ирандық делегация құрамында Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Вахид Хаддади Асл, Ғылым министрлігінің Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының халықаралық ұйымдар бойынша орынбасары Мәһди Яздан Панаһ, Ғылым вице-министрінің кеңесшісі Мохаммад Али Шабани келді.
Сәрсенбі, 24 мамырда Иран делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, университет басшыларымен кездесіп, пікір алмасты. Іс-шараның басында ирандық делегация Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени атташесі Хосейн Ағазадемен бірге Қазақстандағы байырғы және ең үлкен университет – әл-Фараби университетінің мұражайын аралап, университеттің алдағы даму жоспарларымен танысты.
Одан кейін Иран делегациясы университеттің проректоры Увалиева Әселмен, Шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. және ғылыми-зерттеу орталығының директоры және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысымен кездесіп, пікір алмасты. Кездесудің басында университеттің проректоры ирандық жоғары деңгейлі делегацияны қарсы алу кезінде ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, әл-Фараби ұлттық университетін таныстырып, университет туралы статистикалық мәліметтер келтіріп, бұл университеттің Қазақстандағы ең көне әрі ең үлкен университет екендегіне тоқталды. Сондай-ақ, университеттің әртүрлі сала бойынша әлемнің ғылыми орталықтарымен өзара серіктестік жасайтынын айтты.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Вахид Хаддади Асл өз кезегінде кездесуге ризашылық білдіріп, Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрлігі мен ғылыми орталықтарының Қазақстанның ғылыми орталықтармен, әсіресе әл-Фараби университетімен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеп, өзара серіктестіктің маңыздылығын баса айтты.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрінің халықаралық істер жөніндегі ресми өкілі аймақтағы су дағдарысы сияқты кең таралған кейбір мәселелердің ауқымдылығын, елінің осы салада Қазақстанмен ынтымақтастық жасап, ақпарат алмасуға мүдделі екенін де айтты. Ол сонымен қатар университеттер арасындағы ынтымақтастық саласында тиімді қадамдар жасауға болатынын мәлімдеді.
Кездесудің жалғасында ынтымақтастықтың кейбір тақырыптары талқыланды.
Ресми кездесуден кейін Иран делегациясы Шығыстану факультетін аралап, түрік, жапон, қытай және араб тілдерін оқытатын топтардың материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ шет тілдері, соның ішінде парсы тілі және ирантану кабинеттерінің жұмысымен танысты. Кездесудің соңында ирандық делегация әл-Фараби университетінің Шығыстану факультетінің деканымен, шет тілдері кафедрасының меңгерушісімен, парсы тілінің оқытушылары және қазақ студенттерімен сұхбаттасып, пікір алмасты. Сонымен қатар парсы тілін насихаттау мен нығайтудың қажеттілігі талқыланып, осы тақырып бойынша пікір алмасу өтті.