Исфахандағы «Әл-Иттихадтың» әрекеті; Футболды саясаттандыру
(last modified Wed, 04 Oct 2023 15:26:15 GMT )
Қаз 04, 2023 21:26 Asia/Almaty
  • Исфахандағы «Әл-Иттихадтың»  әрекеті; Футболды саясаттандыру

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» командасы дүйсенбі күні Накш-Джахан алаңыда Исфаханның "Сепаханымен" кездеспеу шешім қабылдады.

 

«Сепахан» мен «Иттихад» арасындағы ойын дүйсенбі күні Азия чемпиондар лигасының екінші аптасында Исфахандағы «Нақш Джахан» стадионында өтуі керек еді. Сауд Арабиясының  «Әл-Иттихад» командасы сенбі күні Исфаханға келді және оны "Сепахан" клубы қарсы алды. Сауд Арабиясының бұл командасы әлеуметтік желідегі парақшасында "Сепаханға" қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді және  жексенбі күні «Нақш Жаһан» алаңында еш қиындықсыз және қарсылықсыз жаттықты. Осыған қарамастан, «Иттихад» дүйсенбіде матчқа қатыспайтынын хабарлады. Исфахан көрермендерінің отшашуы мен шәһид Сүлейманидің мүсіні  "Иттихадтың" шешіміне қатысты көтерілген екі себеп.

Егер бұл шешімнің критерийі аудиторияның отшашуы болса, бұл ешқашан қабылданбайды. Өйткені көрермендердің бұл әрекеті әлемнің түкпір-түкпірінде  болып тұрады. Бұл көрермендердің футбол матчынан ләззат алуы үшін және өмірге қауіп төндірмейді. Аргентина лигасындағы «Ривер Плейт» пен «Бока Хуниорс» арасындағы матч әрқашан көрермендердің отшашуымен бірге жүреді, бұқаралық ақпарат құралдары оның суреттерін жариялау арқылы матчтың керемет суреттері ретінде атап өтеді. Бұл футболдың ұмытылмас қуанышының бір бөлігі болып саналады.

Саудиялық команданың бұл шешімінің критерийі алаңның шетінде шәһид Сүлеймани мүсінінің болуы болса, бұл ешқашан алаңға шықпауға негізді себеп бола алмайды. Өйткені ФИФА мен АФК жарғыларында алаңның шетінде ұлттық батырлардың мүсіндерінің болуына тыйым салынбаған, ал әлемнің әртүрлі елдерінің стадиондарында ұлттық батырлар мен саяси көшбасшылардың суреттерін көруге болады. Шәһид Сүлеймани саяси қайраткер емес, аймақтағы лаңкестікпен күрестің қаһарманы және Иран халқының қаһарманы болды. Сонымен бірге, "Иттихад" өз мәлімдемесін Сауд Арабиясының барлық стадиондарында Король мен Тақ мұрагерінің суреттері бар, тіпті стадиондардың атаулары да саяси сипатқа ие жағдайда жасады.

Саудиялықтар спортты саясатпен шатастырып алған сияқты. "Иттихадтың" бұл әрекеті көбіне саяси менмендіктен болды. Олар Исфаханның "Сепахан" клубына қысым жасалып, шәһид Сүлейманидің мүсінін алып тастайды деп ойлады, бірақ "Сепахан"  басшыларына шешім қабылдауға қысым жасалған жоқ.  "Иттихадтың" өтініші халықаралық футбол ережелерінен тыс Иранның ішкі істеріне араласудың мысалы болды.

Тағы бір айта кететін жайт, мұндай жағдайда футбол матчын өткізбеу туралы шешім тек АФК өкілі мен ойын бақылаушысының ғана құзырында. Матч басталар алдында ойын бақылаушысы барлық жағдайды тексеріп, алаңның матчқа дайын екенін растады. Қазір доп АФК кортында. Бұл конфедерация "Иттихадтың" шешімін және ойынның нәтижесін шешуі керек. Азия футбол конфедерациясы өзінің спорт мекемесі екенін және белгілі бір елдің ықпалында емес, саяси мәселелердің ықпалында емес екенін,  керісінше, ол футболды саясатпен байланыстыратын жеке адамдар мен клубтарға қатысты тәртіптік шара қолданатынын дәлелдеу керек.