Тарихты тану – болашаққа бағдар
(last modified Thu, 23 Nov 2023 19:08:01 GMT )
Қар 24, 2023 01:08 Asia/Almaty
  • Тарихты тану – болашаққа бағдар

Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, жастарды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі қазақ жерінің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://www.kaznu.kz ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің 15-топ тыңдаушылары Орталық мемлекеттік мұражайға саяхаттап барды. Ондағы мақсат – Қытай, Моңғолия, Иран мемлекеттерінен келген қандас бауырларымызға атамекендері Қазақстан туралы ақпарат беру.

Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайы

 

Мұражай қызметкерлері тыңдаушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Саяхат барысында тыңдаушыларға  мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Мұражайда адамзаттың қалыптасуынан бастап қазіргі тәуелсіз Қазақстанның өмірінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптейтін заттар көздің жауын алады. Ұлттық мұражайдың барлық бөлімін аралап шыққан тыңдаушылар өздеріне қажетті мағлұматтарға қанық болып, рухани азық алып демалып қайтты.

 

Идрисова Гүлжан Асанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру 

 факультетінің аға оқытушысы