Бахрейннің Дираз аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Халифе режимінің Бахрейннің танымал діни қайраткері шейх Иса Ғасемге қарсы қысымдарын күшейтуі нәтижесінде халықтық наразылықтардың артуына байланысты бұл елдің қауіпсіздік күштері шейх тұратын Дираз аймағында қауіпсіздік шараларын күшейтті.
«Әл-Әлам» арнасы бахрейндік дереккөздерге сілтеме жасап, елдің астанасы Манаманың батысындағы Дираз аймағының кіреберісінде бұрын-соңды кездеспеген қауіпсіздік шаралары туралы хабарлап: «Бахрейннің қауіпсіздік күштері шейх Иса Ғасем тұрып жатқан мекенде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, халықтың қатынауын бақылауға алды»,- деді.
Шейх Иса Ғасем өмір сүретін Дираз аймағы соңғы күндері Халифе үкіметінің шейхті қудалауына байланысты халықтық наразылықтардың куәсі болуда.