Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары шейх Иса Ғасеммен телефон арқылы сөйлесті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i10039
Иранның Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары бахрейндік шиіт рухани қайраткер шейх Иса Ғасеммен телефон арқылы сөйлесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 26, 2016 20:56 Asia/Almaty
  • Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары шейх Иса Ғасеммен телефон арқылы сөйлесті

Иранның Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары бахрейндік шиіт рухани қайраткер шейх Иса Ғасеммен телефон арқылы сөйлесті.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Иранның Эксперттер мәжілісі төрағасының орынбасары аятолла сейіт Махмуд Һашеми Шаһруди осы сұхбатта шейх Иса Ғасемнің исламдық және ұлттық мәртебесін мақтан тұтатындығына сілтеме жасап, шейх Иса Ғасемді шиіт мазхабы үшін ислам мен ислам үмбетінің символы болып табылатынын қуаттады.

Аятолла Һашеми Шаһруди шейх Иса Ғасемге зұлымдық жасауды айыптап, бахрейндік шиіт рухани қайраткерді қорғап, оны мазлұмдықтан құтқару үшін кез- келген әрекетке баруға әзірлік танытты.

Аятолла Шаһруди шейх Иса Ғасемнің Бахрейннің мүмін халқына парасатты түрде жетекшілік еткенін мақтан тұтатынын және парасаттылықтың Бахрейн елі мен халқының мүддесі шеңберінде істі басқару үшін қолайлы тәсіл екенін айтты.

Бахрейндік шиіт рухани қайраткер шейх Иса Ғасем де мұсылмандар үшін жақсылықтан өзгені тілемейтінін және Бахрейн мен ислам әлемінің қауіпсіздігі мен мұсылмандардың бірлігін сақтауды маңызды санайтынын айтты.