«Әл- Ақса» мешітінде намазхан палестиналықтар соққыға жығылды
(last modified Mon, 27 Jun 2016 04:31:44 GMT )
Маусым 27, 2016 10:31 Asia/Almaty
  • «Әл- Ақса» мешітінде намазхан палестиналықтар соққыға жығылды

Палестинаның Қызыл Жарты Ай Қоғамы әл- Ақса мешітіндегі қақтығыстарда 5 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

Ливанның «әл- Аһд» ақпарат торабының мәлімдеуінше, Палестинаның Қызыл Жарты Ай Қоғамы сионист әскерилердің «әл- Ақса» мешітінің ішінде палестиналықтарды басып-жаншығанына сілтеме жасап, «әл- Ақса» мешітінің ішіндегі қақтығыстарда сионист күштердің осы мешітке жасаған шабуылынан жараланған 5 палестиналықтың жаулап алынған Құдстағы «әл- Мағасет» ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

Сионистік режим армиясының арнайы бөлімшесінің күштері жексенбі күні «Баб әл Мағаребе» жағынан «әл- Ақса» мешітіне баса-көктеп кірді. Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауынша, израильдік әскерилер қол шоқпармен «әл- Ақса» мешітінің ішіндегі палестиналықтарды басып-жаншып, оларға қарай оқ атты.

Израиль армиясының арнайы бөлімшесінің күштері «әл- Ақса» мешітіне баса-көктеп кіру барысында мешіт күзетшілерін де соққыға жықты.

Мүбәрак рамазан айыныың соңғы жұмасы және әлемдік Құдс күнінің жақындауымен орайлас исламдық Уқаф және «әл- Ақса» мешіті басқармасының бас директоры шейх Изам әл- Хатиб палестиналықтарды осы мүбәрак мешітке келуге және жаулап алынған Құдс қаласына шақырды.