Зариф аймақта Сардашт пен Халабчедегі химиялық бомбалаудың қайталануы туралы ескерту жасады
Иран Сыртқы істер министрі химиялық бомбалаудың 28-ші жылдығымен тұспа-тұс жасаған жолдауында: «Аймақта Сардашт пен Халабчедегі химиялық бомбалау қайталануда»,- деді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күнгі жолдауында Иранның солтүстік-батысындағы Сардашт қаласының химиялық бомбалауынан құрбан болғандар мен зардап шеккендерге тілеулестігін білдіріп: «Бүгін үстемшіл елдер Сирия мен Иракта өткеннің қателіктерін қайталап, ДАИШ сынды лаңкестік топтарды улы заттар және химиялық қарумен жабдықтауда»,- деп жазды. Ол ИИР-ның негізгі саясатының бірі ретінде жаппай қырып-жоятын қару-жарақты, соның ішінде химиялық қаруға қатысты кез келген әрекет пен оларды пайдалануды айыптайтынын қуаттап: «ИИР мұндай қарулардың әртүрлі мемлекеттердің әскери арсеналынан жойылуын талап етуде»,- деп қуаттады.
1987-ші жылдың 28-ші маусымында Ирактың БААС режимі Иранның шекаралық Сардашт қаласының халқы көп қоныстанған төрт жерін химиялық қарумен бомбалады. Сол шабуылда қаланың 119 қарапайым тұрғыны шәһид болып, 8000-нан астам адам уланып, химиялық қарудың зардабын шекті.